Массагетке мың алғыс!!! Әйгерім апайға рахмет!!!
жеке
блог

Массагетке мың алғыс!!! Әйгерім апайға рахмет!!!

        Мен жеңімпаз болдым (ғой) Шымкентте өткен блогкемпте. Бұл уақытқа дейін блог туралы, блогкемп туралы әңгіме болса алыстан қашып жүретін едім. Қазір де тым жақындап кеткем жоқ, бірақ, біраз бағытымды айқындағандай болдым. 

       Бір ай бұрын Казгуге Массагет ұжымы қонаққа келіп, Ұстазымыз Әйгерім Әлімжанованың арнайы (қатаң) тапсырмасымен амалсыздан түнгі 12ден таңғы 4ке дейін отырып, ойыма келген бір дүниенің нобайын келтіріп өзімше жоба жасап әкелдім. (үш апта сабаққа қатыспай ұятты боп жүр едім). Жобаның атын - "Жауһар" дәстүрлі әндер сайты. Сол жобаны Массагеттік блогшылардың алдында ұсынып, ортақ талқыға салдық. Тез-тез бітіріп үйге қайтсам ғой деп отырғанда (блогтан қашып жүретінімді айттым ғой) Анар Мұстафина ақыл қосып, Еркебұлан (брат) екеуі Шымкентте өтетін блогкемп туралы айтып, осы жобаны сол жерде айтулы АЙТИ мамандардың назарына ұсынуды айтқан еді. (Сол үшін көп рахмет!!!)

      Шымкентке бардық. Қорғадық. Жеңдік. Енді ең жаманы сайтты ашу керек...(жұмысы бастан асады)... Бір жақсысы осы саладағы бірқатар танымал кісілермен, танымал мамандармен танысып, номер алысып біршама ортаға араласа алдық. Барғанымызға өкінбейміз, жеңгенімізге қуанымыз. Блогшылардың бағытын ұстанып кетпесек те , өзіміздің бағытымызды айқындап алдық. Осы жаққа баруды ұсынып, өздерінің ақылын қосқан Массагет ұжымына мың алғыс!!! Ал, Айгерім апайға дәп-дәәәәәәәәәууууу(үлкен) рахмет!!!

      Мақаланы жазудағы басты мақсатым, негізі, Массагеттіктерге жағыну(өйткені болашақта көп көмектерініңіз қажет болуы бек мүмкін).