Досқа бай Қазына!!!
жеке
блог

Досқа бай Қазына!!!

Достық! Әдемі де мағыналы сөз. Кең. Ғазизаның жазбасынан кейін маған ой келді,"неге мен де достарыма рахмет айтып, қатар тізіп таныстырмасқа"?!

           Ерікова Әсем Ерікқызы!)

Сема-менің университет қабырғасында танысқан  құрбым. Әсем деген есімге ие әсем қыз өзі де. Еркелетіп Сема,Семка,Семечка да қылып жібердім. Онымен үнемі қызық. Мұңайып сыр ашу мүмкін емес, адамды еріксіз күлдіріп жібереді. Енді өзі "Ерікқызы" болса)))

Рас айтсам,оны "шымкенттің" жігіттеріне қимаймын. Қолынан түк келмейтін сияқты))))

Айсұлу Әділова! Ася біз үшін. ҚазҰУ-дың студенті. Менен бір жас кіші. Агентте танысып, достығымыз виртуалды әлемнен ұзап,нағыз шынайы достыққа ұласты. Батыстың тыныыыш қызы. Асау мінезі жоқ. Не айтсаң да "жоқ "демейтін көркем мінезі тағы бар.

Бұл жігітті танымайтын қазақ кем шығар. Асылхан Төлепов,"Сартай Батыр". Күні бүгінге дейін "Сартай" деп атаймын. "Мен жақында Бекзат болам" деп қояды. Онысына мен мәзбін. Қашанда өз қуанышымен бөлісуді ұмытпайтын пысық жігіт. Анда-санда ақыл да айтып қояды "братааан" деп бастап.

Массагеттің негізін қалаған-Ғазиза Ұзақ! Атаман Ғазиза. Братан Ғазиза. Бұл аруға айта берсең ат та, теңей берсек теңеу де көп. Әзілі мен қаттылығы қатар бұл қыз менің жұмыстағы тек әріптесім ғана емес, жақын құрбым да. Көпшілікке қатал көрінгенімен,шындығында өте нәзік, жаны жараланғыш. Тек онысын ешкімге білдірмейді. Жөн де. "Әзілсіздігіңді ешкім көрмеу керек" деген қағиданы ұстанатын Ғазиза жер айналып құласа да өз пікірін өзгертпейді. Еркеек!!!

Бұрынғы "Өнеге" журналының бас редакторы, оңтүстіктің жұлдызы-Гүлнұр Әбиділдәқызы. Менің құрбыларым үшін" Әтенова"!!! Ал маған жай ғана ГҮЛ. Шымкенттің ерке қызы, еркемін деп сызылмайды, ойын тіке айтып қалауын қалайда орындатқызатын қырсықтығы да бар. Тамақты талғап жейді. Анау-мынау аспен алдау мүмкін емес. Әңгіменің шебері.

Бұл жігіттерге бөліп қарау мүмкін емес. Мерей,Қуаныш,Сұлтан-Жастар тобы. Менің балаларым. "МАМАаау, Кази мама ақ мама" деп мияулап отырады. Ән айтқанда жанын беріп айтатын жігіттер сондай әзілкеш, отырған жерді көңілді қылып жібереді.

нууу как же без тебя?! Көжекбаев! Мың қыздың арманы, бір қыздың жан жары...скоро!!! Медет-Арай тобының әншісі. Менің Медятайым! Қашан қарама ыржиып жүреді. Сұхбат та солай өтеді, басқалар сөйлейді,- бұл ыржиып тұрады. Өте мейірімді,ақкөңіл, сәбилерді жақсы көреді. Мысықты "тентек" қылғанға құмар. Футболды жақсы ойнап қана қоймайды, әдемі жанкүйер. Жұлдызды Алатау командасының мүшесі. Қыз қырқынның көз қуанышы. Құдааай десейші...

Бахалек. Мен үшін Жамал. Бақытжамал Садырбай. "Өзімнен гөрі фамилиям хит" деп мойындап қояды. Еларна арнасы "Жарайсың" бағдарламасында редактор. Камераның сыртында жүрсе де, бұған дейін оңтүстіктің жұлдызы атанған диктор, журналист. жайсаң мінезді "смайлик"!

Ботагөз Жүсіптегі. Ботик. Қызылорданың тәтті қызы. Достарым кілең "жұлдызды" жандар. Бұл ару да Ордалық жігіттердің арманына айналған эфирдің жұлдызы. Оңай шағылатын жаңғақ емес. Жаны поэзияға құмар.


"Брайн Макнайт". Көпшілік үшін жай ғана Қапқарашка. Өзі қара болса да көңілі ақ Нұржан Керменбаев! Ән салғанда демаласың, даусы сондай жағымды. Менің ағатайым. "Сіз", "аға" дегеніме ұялып әрең үйреткен "сенге". "Менің әнімді тыңдамайсың,телефоныңда жоқ " деп ренжуші еді, қазір әнін сұрап жалынып аласың))) Қол жетпей кетті.

Ортадағы жас жұбайлар-Алтынай Мұсағалиева мен Мұрат Жанабеков! Менің алтын достарым! Үйтіп-бүйтіп үйлендірдік Еркін аға екеуміз!!! Атыраудың асау қызы Оңтүстіктің Шаянына топ ете қалды. Қазір Адина есімді қыздары бар ,"бұзық" жұп.

Достар қатарымда қашанда алдында тұру керек жан. Менің алтын ағам. Жеңгемнің аяулы жары. Рысбекті атамай кетсем күнә ғой. Рыся.Рәке. Арай тобының әншісі-Рысбек Аташев. Сөзі де ,өзі де ірі адайдың жігіті. Көңілі ақ, мейірімді, не айтсаң да "бауырымсың ғой" деп қарайтын кірәсәпшік. Оған қашан қоңырау шалғаның маңызды емес, смс хат пен звонок көрсе ,3күннен соң болса да " не болды звондапсың ғо, бәрі дұрыс па?" деп хабарласып тұрады.

Үш мушкетер! Үш сері. Универімнің үш қара алтыны! Марат Ушатов-экс КДМ төрағасы, қазір Астанада. Министр болатын қызылорданың пысықайы. Асыл Андас. Фамилиясы басқаша,Асыл десе асыл, Алматы арнасын ысырып, КТК телеарнасына көшкен нағыз жұлдыз. Нұрлан Бұлдыбаев-ұзын жігіт, қысқаша айтсам - Мараттың досы,менің ағам. Үшеуін бөліп қарау  мүмкін емес. Арасындағы жалғыз мені "Шайтан" деп атап кеткен. Төртеуіміз қосылсақ "айхай-25" болады!!! Нағыз адал достарым!

  

 

 

ҚАйрат Нұртас 2! Ел ұнатпаса да, әндерін сынаса да, ешкімге құлақ аспай  ән айтып көпшілікті қуанта беретін Асан Пердешов! Менің жерлесім. Қайтпас мінезі бар. Айтам деді ма әнді айта береді. Агентті де,апасын да! Қайсар Қуанышев-Қыран тобының әншісі. Кейінгі кезде маған қарап көп күледі))) қырандықтардың үшеуі де жақын достарым! Әсіресе Саламат топтың ғана емес менің де еркем! Көшеден бағдаршамның жасылы өшейін деп тұрғанын  көрсе құтыра кетеді.

 

Бұл сол бұзық САЛАМАТ БЕЙСБАЕВ қой.

 

Заир Бегалы мен Талғат Жорабаев! Екеуі егіз қозыдай ,қашан қарама бірге жүреді. Томпақтығы да ұқсайды. В общем "братаны"!!!

Әсел Теңізбаева- менің қара қызым! Қызылорданың қап-қара,ап-арық сүйкімді қызы. Кентауға келін болды. Күні кеше тойына барып қайттым. Қызжолдас болып. Күйеужолдас досым -Әбілқасым! Просто Әбіл. Айтқандай,мен гүлді қағып алдым. Той кезегі менде.

Фотоның өзі айтып тұр ғой,жігіт қуып кеткен. Жұмыста екі тентек бар болса,оның бірі-осы жігіт! Руслан Мейірханов-біздің монтажер! Тараздың тумасы. Алматы қаласында өсіп, білім алса да Таразын сатпайтын қырсық жігіт! Жақында үйленіп,при чем Шымкенттің қызына, "өзіншеее" болып жүр.

 

 

Айнара Байжан!Өзі айтпақшы,ол-Жуганисова.  Бұл қызды массегеттіктер ұмытып кетпеген шығар. "Өнеге" журналында да жұмыс жасаған қызылорданың майысқаааақ қызы. Сызылмайды, тек жайбасар)))

Ортадағы ару-Ақтаудың сұлуы Амангүл Қашаған! Виртуалды әлемде 2 жылдан бері таныс болып, ақыры кездестік! Сүйкімділігінде шек жоқ қыздың!

  Ақбөпе Айтқали! Менің "орынбасарым". Тараздың бұл сұлуы мен бітірген университетте 2 курста оқиды. Алғашында мені  "апай" деп жүріп, енді құрбым болып кетті. Линзамның түсі жасыл болса да,көк болса да "Көккөз" деп атайды мені...Ал мен тек "Бөпе" деп еркелетемін.

  "Пожалуйста Привет","А так Шымкенттенмін"," Әй,көке" тб бұл жігіттің мен қойған аттары көп-ақ. Бірақ көпшілік үшін әнші Еркін Мәулен! Менің жақсы достарымның бірі. Алғаш виртуалды әлемде дос болған екенбіз. Бірақ кейін мені өмірде көріп, " менің достарым қатарында бар екенсің ғой,мен сені кеше көрдім" деп шыққаны қызық болған. Солай достығымыз өмірде де өз жалғасын тапқан. Еркінге қарасам өзімді көрем. Сөйлегені,әзілдері,күлгені, біреудің сөзін қабылдауы бәрі-бәрі менің мінезім секілді....Үнемі көңілді.  Сол себепті де болар екеуміз жақсы достармыз!

"Шамшырағым" деп мені жылатқан әнші. Қанат Үмбетов!Алғаш осы әннің клипін көргенде  1 сағат тоқтамай жылағаным есімде. Онысымен қоймай, екінші бейнебаян шыққанда "осы біреу мені жылата береді, неге күшті әндер айтады иии?" деп оны сыртынан ұрысып та алғам. Біздің достығымыз ең алғаш одан сұхбат алған кезден басталды. Күлекеш номер 2! Әрине менен кейін. Күлкісіне қарап сенің күлкің келеді тіпті. Әзілдейтіні тағы бар. Қазақилыққа жаны құмар, нендей дүние болмасын ұлттық дүниенің, қазақ халқының ,қазақи тәрбиенің иісі аңқып тұрса екен дейтін жігіт. Замануилыққа әуес  Қазынаны да ұрысып-ұрысып жөнге келтіріп қояды.

  Достарым өте көп, Аллахқа сансыз шүкірлік. Барлығының бойынан мен үйренетін бір дүние табылып жатады. Бірі ерке,бірі қатал, енді бірі ашуланшақ...Ең бастысы арадағы достық шынайы.

  Достың  туған жері,руы, дәрежесі, дүниесі,ұлты маңызды емес, ең бастысы қандай адам екені, адалдығы мен арадағы нәзік қатынастың шынайылығы маңыздырақ болғай. Мен бұл жағын өте жоғарыда тұрған адаммын. Досы көпті жау алмайды дейді. Мына достарыма қарап кез келген "бойға" тойтарып бере алатыныма сенімдімін. Себебі олар үшін мен қай жағдайда болмасын сол баяғы Қазынамын.

Мұнда аталмай кеткен достарым көп,ренжи көрмес. Пост ұзап,үлгермей барам. Ең бастысы сіздер жүрегімдесіздер!!! 

Қайда жүрсеңдер де аман болыңдар,ДОСТАРЫМ!!!