Жайымды айтсам жасырмай,Жағдайым менің осындай....Жаным ау менің мүлт еткен,Бір тамшы көздің жасындай.....
жеке
блог

Жайымды айтсам жасырмай,Жағдайым менің осындай....Жаным ау менің мүлт еткен,Бір тамшы көздің жасындай.....

Жайымды айтсам жасырмай,

Жағдайым менің осындай....

Жаным ау менің мүлт еткен,

Бір тамшы көздің жасындай.....


Иәәәәә.....Мейрамбек ағамыз осы өлең жолымен қаншама арудың,қаншама жігіттің жүректерінің  сыздауын,бір тамшы жаспен бірге бар сезімдері тамғанын естеріне түсірген еді,сезіндірген еді.....

Қазір осы кейбіреулер оқып отырып ойлайтын болар,"тағы махаббат па зарланған" деп. Иә,махаббат,бірақ сағынышқа толы махаббат. Кім болса да жастық шақта болсын,ересек болғанда да лап еткен махаббат отының шоғына күйгені жасырын емес. Өмірімде ғашық болып көрген емеспін,махаббатқа сенбеймін деген адамның сөзіне ешқашанда сенуге болмайды. Неге дейсіңдер ме? Себеп біреу. Олар-махаббатты өткеріп,әбден отына күйіп алғандар. Ал онысын ешкімге айтпайды,жүрегінің тас қамалының түбіне жасырады. Басқаларға еш қиындық көрмеген керім жан болып көрінгенімен сол суық та маңғаз бейненің ар жағында үлкен бір сыр жатыр. Ал шыныменде әлі ғашықтықты басынан өткермесе онда жүрегін бағындыра алған жанды жолықтыра алмағаны,ал олардың махаббатқа сенбеймін дегені жараспайды. Кінәні біреуден көрудің қажеті жоқ....

Иә,сонымен сағынышқа толы махаббат дегем. Кәне бүгін бір сәтке бар ойды,проблеманы шетке ысыра салып өткен кезді есімізге алып көрейікші? Жас болдық қой,аңқау болдық қой? Таза сенім болды ғой ешкім бұза алмаған,пәк сезім болды ғой ешкім ластай алмаған. Есейген сайын өткен өмірің,сәтсіз сезімің,немесе сүйгеніңе қосыла алмай арманда қалған кезің өзіңе бір қызық болып көріне бастайды. Неткен ақымақ болғам деп өзіңді бір сыбап аласың. Алайда....

Алайда сені осы қазіргідей тәуелсіз,ақылды,парасатты,сыншыл,талапшыл,күдікшіл,күмәншіл қылдарғанда сол өткен өміріңнің жемісі. Оны жоққа шығаруға болмайды. 

Өзімізбен қатар басқаларды алдаймыз. Мықты көрінгіміз келіп,кезінде өзіңді "сен" қылған қасиеттеріңнен бас тартасың. Сөйтіп өзін ерекше ұстағысы келген,кербезденген адамдардың қатарына топ етіп түсеміз. Солай өмір өте бере ме екен? Жасанды мінезіңді кім шын жүрегімен қабылдай алады екен? Әй,қайдам,сырттай тамсанған адам өтірік қалпыңды кешіре ала ма екен? 

Будьте оригинальны дейді ғой. Табиғи қалыптарыңнан танбаңыздар.