Күтемін деп қалма кеш, Қаларсың тек бардан еш.

Күтемін деп қалма кеш, Қаларсың тек бардан еш.
жеке
блог

Күтемін деп қалма кеш, Қаларсың тек бардан еш деп ойлап қоямын. Рас,бір жанға қатты байланып қаламызда,махаббат құрсауының шырмауын бұза алмай жатамыз. Махаббаттың не екенін айтпай ақ қояйын,бәрінің құлағына жауыр болған болар?

Бірақ.....

Біз махаббатқа соқыр болып көп нәрсені байқай бермейміз. Ғашық болдың,ол жанға асық болдың. Өмір деген сен үшін керемет,солай емес пе??? Күнде қарайсың,түнде ойлайсың,бірге болуды қалайсың. Армандайсың,тіпті талай романтикалық кештерді,оттай жанған құшағында болған вальсті,кездесуге апарған қызыл шоқтай раушан гүлін,күнде басқалар қызығада,қызғана қарайтындай бірге қол ұстасып жүргеніңді,талай жанның арманы болған жанның дәл сенің жаныңда келе жатырғанына бір мақтаныш кернеген кеудеңді көтеріңкі ұстаған,армандаған жанға жүрегіңді ұсынып тұрған шағыңды,бақытты отбасылық өмірді,балаларыңды ойнатып жүрген кезіңді,жақсы келін әкелген ұл ретінде өзіңді бақытты сезінген шағыңды көз алдыңа елестетіп,армандап кетесің.

 Сен солай армандап жүргеніңде,ойдан арыла алмай жүргенде арманын іске,мақсатын дәлелге айналдыра алған басқа адам сенің алдыңды орап кетеді. Сенің армандағаның іс жүзінде орындалады,бірақ ол жерде сен болмайсың,басқа адам болады. Өкінішті ме? Ішің удай аши ма? Өмір бітті,мән кетті,ақырға жетті. Солай көрінеді.

Ал сен олай болуға жол берме!

Білесің бе?Өмір деген-күрес. Барып тұрған қып-қызыл тайталас. Кім тез,кім шапшаң,кім епті сол адамның дегені болады. "Алма піседі,аузыма түседі" деген ұғым келмеске кеткені қашан,қайран қазағым....

Сілкініңдер! Барды бар кезде бағалаңдар,жоқ болған кезде өкінішпен жыламаңдар. Өмір әрқашанда адамға тосыннан мүмкіндік береді,ал оны қалай пайдалану адамның өзіне байланысты.

Қой,реніш болмасын,мен ешкімге ақыл айтпаймын. Тек қиялға ерікті көп беретін қыз-жігіттер болса шындықты айтқым келді.....