Өзім жайлы !!
жеке
блог

Өзім жайлы !!

Сәлем массагеттіктер !! Массагет маған ұнады .3 ай бойы тіркеле алмадым . Ал енді тіркелдім . Массагеттен жақсы достар табамын деген сенімдемін .Алғашқы жазбам өзім жайлы болмақ!!

 

 

Өзім жайлы қысқа да нұсқа айтатын болсам:

Аты - жөнім : Әнуарбекова Айжан . Туған жерім Қызылорда облысы Қармақшы ауданы . 1999 жылы 31 қаңтарда дүниеге келдім . Жасым 14 -те . 8 сынып оқушысымын . Сабақ үлгерімім де жақсы (әрине емтихан тапсырмас үшін тырысып оқимыз,өйткені бізде үлгерімі нашар оқушылар емтихан тапсырады) .

Мінезіме келер болсақ ,  мінезім ашық , кейде ұялшақпын ,  қырсықпын . 

Суретке түскенді және суретке түсіргенді ұнатамын . Өлең тыңдағанды би билегенді ұнатамын . 

Хоббиім : әлеуметтік желілерде  көп отырамын 

Әлі мамандығымды таңдаған жоқпын)))

Сыныбымда 15 қыз , 6 ұл бар . Біздің сынып басқа сыныптарға қарағанда жоғары . Сыныбымның бетке ұстар оқушыларының бірімін.Мен өз сыныбыммен мақтанамын .

Өзім жайлы мәлімет осы !! Тағы да танысқаныма қуаныштымын !!!