Тіл қадыры
жеке
блог

Тіл қадыры

Бұл өзі бәрімізді толғандырып жүрген мәселе екені анық,менің ойымша әркім бірінші өзінен бастағаны жөн.Әрине бұл жерде мен ешкімге күйе жағайын деп отырған жоқпынбірақ бәрімізде күнделікті өмірде орысша терминдерді қосып жіберетініміз анық,соған қарамастан қоспауға тырыспаймыз,неге  себебі қазақ тілі деп сыртымыз жылтырағанымен дүрсілдеп соққан жүрегіміз тіл деп соқпайтыны өкінішті.Әрине көпке топырақ шашудан аулақпын арамызда тіл қадірін білетін жандар бар.Бірақ аз,міне мені қынжалтатыны да осы,ақсап жатқан тілімізден аттап өте бергенше қолтығынан демеп аяғына тұрғызайық,бұл баріміздің қолымыздан келеді деп сенем.

Ана тілің-біліп қой,

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілің-біліп қой,

Мақтанышың,елдігің. 

                  Қадір Мырза Әлі