ПЕРІШТЕ САЛҒАН ІЗ…

ПЕРІШТЕ САЛҒАН ІЗ…
жеке
блог

 

 

Сәби жамбасындағы «көк бояу» жайлы аңыз көп. Біреулер оны«періштенің алақаны» дейді. «Бала құрсақтан шықпай, «қыңырлық»танытқан кезде періште «ұрады» екен, көкпеңбек із содан қалған» деседі.

      Бір таныс қызым қазақ бола тұра әзірбайжан жігітіне тұрмысқа шығып, көп ұзамай ажырасып кетті… Бір қызымен… Кейіннен қазақтың жігітімен бас құрап, екі ұлды болды. «Қызық, ұлдарым – Исатай мен Махамбеттің жамбасында болған көк таңба қызым Индирада болмап еді. Барлық балада болатын көк таңбаның қызымда мүлде жоқ болғанына кәдімгідей уайымдадым. Ешкімге тіс жарып айтпадым да...». Сол таныс қызымның осы айтқандарына елең ете қалдым. «Мұндай таңба қазақ халқында 100 пайыз кездеседі. Сондай-ақ белгілі бір деңгейде қырғыз бен моңғолда бар. Өзбек, ұйғыр, татар сияқты өзге халықтарда жоқ» деген марқұм Жағда атаның (Бабалық) сөзі есіме түсті сол сәтте. «Біз – Көкбөрінің ұрпағымыз, көк тәңіріне табынғанбыз! Көк таңба – соның айрықша белгісі» дегенді де естідім. Кім біледі… Болса болар… Ұлан-байтақ жерге ие болып қалғанымыз да, қаншама шапқыншылықтан, зұлматтан, ашаршылықтан осы күнге аман-есен жеткеніміз де Жасаған иеміздің бізді ерекше етіп жаратқандығында – тек қазақ сәбиінің жамбасында ғана болатын табиғи таңбасының арқасында шығар… Кім білсін...

 

(on.kz-да жарияланса да, осында орналастырдым...)