Перл-Харборға шабуыл немесе адмирал Ямамото

Перл-Харборға шабуыл немесе адмирал Ямамото
жеке
блог

Бізге кино басталар алдында былай ескертті: "махаббат пен қызылды-жасыл әлемді көрем деп күтпеңіздер, себебі бұл тарихи кино". Рас, тарихи кино және жапон стилі мен адами қасиеттерінің айқын көрсеткіші. 

Киноның басты мазмұны екінші дүние жүзілік соғысы кезінде Жапонияның үштік одаққа қалай кіргені мен одан шеккен азабы туралы. Біз тарихты оқыған кезде Жапонияның тек үштік одаққа кіргененін және мұнайлы аудандарды жаулап алу мақсатында соғыс ашып Америкадан жеңілгенін ғана білеміз. Осы кинода, әр елдің тарихи бір кезеңге қалай келгенін, асқақтап дамимыз деп быт- шыттары шығып жеңілгендігінің куәсі боламыз. Былайша айтқанда адам өмірінің маңыздылығынан экономикалық дағдарыстың маңыздылығын көре аламыз. 

Үштік одаққа кіру мен бірге соғысқа қатысудың жапонияға жақсылық әкелмейтінін білген жапон теңіз басқармасы мен оның басында тұрған адмирал Ямамото барынша қарсыласады. Жапон империясы мен халқы тығырыққа тірелген экономиканың шығар жолы тек басқа елдерге ашар соғыстан шығуды меңзейді. Соғыс кезінде қаза болатын әскерлер мен өздерінің шамасын есептей алмайды. 

Негізгі кино Перл-Харборға шабуылдан гөрі адмирал Ямамотоның соғыс кезіндегі өзіндік көрегенідігі мен оның шебер басшылығы жайында. Бірақ халық біраз соғысты басынан өткерген самурай ұрпағына емес өз елдерінің экономикасын ғана ойлаған империяға сенеді. Ямамото тірі болғанға шейін 10% әскер қаза болса, қалған 90%- ы ол кісінің жоқ кезінде қаза болады. Басты рөлді сомдаған Кодзи Якусе маған "Мемуары Гейшы" киносы арқылы өте таныс. Осыншама ерлік жасаған Ямамото Исорокудың тұлғасын керемет сомдай білген. 


Киноны көру кеңес беремін, киноны көріп отырып соғысқа қалай дайындалып, БАҚ өкілдерінің халықтан шындықты қалай жасырып қате бағытқа итермелеудің, самурайлық сабырлықтың куәсі боласыз. Егер сіз осы уақытқа шейін "Мемуары Гейши" мен "Соңғы Самурай" фильмдерін ұнатқан болсаңыз, онда сізге бұл фильм ұнайды. Тарихқа ұңіліп, қателік жасап құрудың аз ақ алдында қалған жапонияның жеңілісіне куә боласыз...  




Бөлісу: