Халықтық IPO жайлы естулерің бар ма?

Халықтық IPO жайлы естулерің бар ма?
жеке
блог

Осы сұраққа байланысты БАҚ мәліметтеріне сүйене отырып өзім үшін мынадай нәтиже шығардым. Халықтық IPO- қандай да бір компанияның акцияларды сату үшін бастапқы жария ұсыну. Бұл әрбір Қазақстан азаматын ұлттық компаниялардың инвесторлары қыла алатын ел басы қолдаған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламаның негізгі мақсаты—азаматтардың әл-аухатын жоғарылату. Осы мақсатқа жету үшін, «Самрұқ-Қазына» қоры бес жыл ішінде (2011-2015), әр жыл сайын өзінің екі еншілес компаниясының акцияларын ішкі нарыққа шығарады. Ол дегеніміз, әрбір азамат осы компаниялардың акцияларына ие бола алады. Сонымен қатар, ел басының тапсырысы бойынша, акциялар тек «қалталы» тұлғалардың әмияндарын толтырмауы үшін, бір адамға шаққандағы акциялардың көлемі шектелетін болады. «Халықтық» IPO емес пе?! Яғни акция бағасы барша халықтың, ең болмаса елдің үлкен бөлігін, бір сөзбен айтқанда орта дәрежелі халықтың қаржы жағдайына сай келуі керек. Күтілетін нәтижелер орындалса, бұл әбден мүмкін деп ойлаймын. Бұл бағдарлама орындалса, еліміздің әрбір азаматы, ірі компаниялардың акционері, инверторы бола алады. Негізінен инвесторлардың ең үлкен тәуеукелі бар—салым салынған проекттің, компанияның құнының төмендеуі, сыртқы нарықтың оған әсеріне байланысты инвестор үлкен шығынға ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты, Халықтық IPO-ға шығарылған компаниялардың акция пакеттері толығымен немесе жартылай еліміздің қолында және қаржылық жағдайы тұрақты. Яғни мұндай тәуекелге ұшыраудың мүмкіндігі аз. Нарыққа бірінші шығарылатын екі компания-- «Қазтрансойл»АҚ және «КЕГОК»АҚ. Негізінен БАҚ ақпараттарына сүйенсек, әр акцияның құны 10000 теңгеден көп болмайды, 100 теңге болуы әдбен ықтимал. Менің естігенім бойынша бағдарлама наурыз айында басталады. Артық қаражат кімге керек емес?! Бұл бағдарлама жайлы ақпаратыңыз болса, бөліссеңіз қуанар едім.