Қазынажан

Қазынажан
жеке
блог

Еңбекқор... Ізденгіш... Өнерге деген шексіз махаббатымен ерекшелене біледі...Өмір сүрудің маңыздылығын біле ғана қоймай, жанындағылардың өмірінің ізгі болуына шын тілекші...

Ол Сұлу... Жұлдызды телележүргізуші... Суретке де Голливуд болып түсе кетер қосымша өнері бар...Себебі, табиғи сұлу... Жаны да, тәні де сұлу... Жаз қыз...

Алғашқыда Медет ағамнын әлемінде жиі көретін едім... Екеуі дос, бірақ мен "женгем" болса екен деп қойып жүретін едім... Қызынадай женгем, Қазынада мендей қайын сіңлі болса не арман деп...))))) Тілекші болып жүрдім... Хаттары да, өздері де қызық, Қазына қылығымен күлдірмей қоймайды... Тәтті қыз ғой...))) Сол кездегі арман көкейде әлі жүр... Әзірге арманың міне деп әкеліп берер Медет ағам да Қазынада жоқ...

Орындалып қалар.... Тілеймін...

Айтқым келгені, мен Қазынаны қатты жақсы көремін. Күнде кездесіп, шүйіркелесіп жүрмесек те, әйтеуір осы қыз жаныма еніп, жүрегіме туыс болып тұрады...

Қазынадан үйренер дүние көп, күліп жүреді, өзін ешқашан әлсіз көрсетпеуге тырысады, бәрімен, баршамен бірдей дерлік араласады... Жақсы қыз, жаным ғой әшейін)))  (Қазынаның тілімен айтқанда)

.... Кейде адам адамға қасқыр болып, өзің деп өзегің өртеніп, өзгенің аяулы көңілін таптап жатамыз... Сүрінбейтін тұяқ жоқ, құлап бара жатқанда қолын соза қалар дос болғанға не жетсін... Адам бойындағы игі көп қасиетті қаншалықты іздеп, сағынғанымдай Қазынаны да іздеп, сағынып тұрамын... Қысқасы, Қазынадай адамдар көп болса ғой...