тағы да

тағы да
жеке
блог

Жүрегім ауырып жүр. Жұрт күлсін,күлмесін. Бір былыққа батқаным хақ! Наурыз айының ақ қарсыз әдемі 5 күні, телефоным шырылдады. Ауылдағы маған беймәлім, бірақ білуімше танысым хабарласып, бір өтініш айтты. Оның демегі Жадыра  есімді қазақтың қас сұлуы бар екен, оқудағы тұрағы Қордай ауданындағы К.Әзірбаев атындағы "Ырғайты" колледжінде оқиды екен. Сөйлесіп, сезім жарастырыпты міс. Үйлену туралы мәселе қыздың ата-анасы келіспей,тұрмыстық тапшылыққа негіздеп,кейінге қалдырыпты. Ата-анасын сыйлай білген бойжеткен сол күннен бастап мобильді номерін ауыстырыпты. Ендігі гәп маңағы маған хабарласқан нұрлан есімді жігіт,менен осы сұлудың қазіргі номерін тауып беруімді сұрады. Ол қыздың құрбысы менің дос-құрбым екенің ауылдағы ұзын құлақтан естіпті. Мұраты асыл болғандықтан, мен не жоқ, не иа демей, көреміз деп түйіндедім. Ойым он қайнап,қайтемді қырық қайтара,санама сұрақ қойдым. Сенім артқаннан соң, тәуекелге иек артып мен құрбыма хабарласып, нанға май сылағандай етіп номерді алдым. Бір белеске жету үшін, бір ойпаңға құладым.Дереу әлгі жігітке номерді беріп,бақыт тіледім. Арада күндер күліп қана жылжыды. 9-наурыз күні әке-шешесіне сыйлық жасағандай әлгі Нұрлан телефон шалды,алғыс айтып жатыр. Құтты болсынға басып мен телефонды қойдым. Бір кезде өне бойымды суық сезім аралап, бір қылмыс жасаған жандай, бөлек бір сезім кернеді. Күнәһәр басымды, кінәға тіктім, бекер ме деп тағы ойладым. Болғаны болды, базар тарқады. 12-наурыз күні ұйқым ұзаққа ұласып жатқан шақ болатын, тәтті ұйқымды телефон бұзды. Қарасам (номер засекречен ) көтермедім,келесі де тағы бір хабарласты. Құлағыма тосып ем мен номер алған құрбым, ренжулі дауыспен сөзді қысқа қайырды. Ұят тірлік жасағанымды және енді байланысты үзгенің қосып айтты. Содан бері ойымда тек өкініші. Көмек сұрағанды кері итермейтін әдетім мені шаршатты,абыройдан алшақтатты. Өз ісімді ысырып қойып, өзгенің шаруасына шаба беруді қойған дұрыс па?

Не де болса Айналайын Жадыра сен біреуге жар болдың, осы айыбым сенің бақытты болуға себеп болса мен қуанышты болар ем. Әркімнің әр қилы тарихы бар, сенің тарихын осылай басталды. Біздің ауылға келін,маған жеңеше болдын өкінбе,өмірін өнегеге толы сыйлы келін, жақсы жар, тәлімді ана. Бір қозы дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады. Балалы болсам кім асырайды деп уайымдама. бәрі жақсы болады. Міне Массагет сынды мақтаулы жандардың ой қазанына осы оқиғаны бердім. Мен емін таппай жүрген cұрағыма жақсылар не дейді екен???