Көңіл-күйім керемет!!!
жеке
блог

Көңіл-күйім керемет!!!

Сәлем сәлееем, достар! Анығы,Массагеттіктер! Көктем келіп қалды, біздің мерекеде күн суытып зәремізді алғаны сол еді,міне бүгін ауа-райы енді көктемге ұқсаған секілді. Оған да шүкір.

Үйтіп-бүйтіп мерекені де атап өттік пе?! Қалай, қыздар?! Көңіл тоқ па әйтеуір?! барлық жақсы атауыға лайықтысыңдар ғой негізі барлығың да...раас! Имандай шыным!

Бүгін өзі ерекше "жайнап" жүрмін. Ну так себе...Сонда да көктем өз әсерін бермей қоймайды ғой. Құшақ-құшақ гүл алдым деп алдамасам да "көңілден" кенде қалмадым, құттықтаулар жаудырды. "Ақмаржан" деп ән салып елге кеңінен танылған Зәкеңнің кешінде болдым мерекеде. Қайрат Нұртас 2 екен ғой ағам, білмеппін расы. Аншлаг жасады.

Ол күнді қойшы,бүгін күн ерекше. Ерте жүгіріп келмесем де, ел қатарлы жұмысқа мерекелік көңіл күймен келдім. Қыздар мәз-мейрам. Қызықтарын айтып отыр. Бір сәтте Ғазиза құрбым қуантып қоя бергені ойда жоқта. Ғазиза-Ұзақ қой иә иә,Массагеттік. Ол менің продюсерім деп қыстырып кетейін. хехе. Алдындары айтып жүруші еді "Қазынаға не сыйлауды мен білемін" деп. Аса мән бермеппін. Менің әшекей, жылтыраған сырға-жүзіктерге ерекше әуестігімді де байқаған. Бірақ тосыннан сыйлық аламын деп ойламаппын. Мәәәз болып қалдым. Жас балаша қуанғаным-ай...


Одан қала берді, өзіме жасаған сыйлығым да бар. Ең бастысы, көңіл! Орысша айтқанда, қалғаны-ерунда!!!

 


Бір-бірімізді қуантып, махаббатымызды сыйлап, көктемнің шуағындай құлпырып жүре берейік!