Жүрегіме жол тапқан әнші немесе қайдасың Қайраттың жанкүйері?!

Жүрегіме жол тапқан әнші  немесе қайдасың Қайраттың жанкүйері?!
жеке
блог

       

              Ең алғаш оның дауысын осыдан 8 жыл бұрын естігін едім. «SUPER STAR» байқауының ширек финалында алғаш әнін естіп бейнесін көрдім. Сол бір сәттегі оның дауысы жадымда жылдар бойы сақталар деп ойламаған ем! Сол байқау оның бағын ашса, салған  әні менің жүрегіме жол тапты. Оның дауысын естігенімде тіпті қандай сезімде болатынымды айтып жеткізудің өзі мен үшін қиын. SUPER STAR –дың әрбір санын сол үшін ғана көретінмін. Тіпті үйдегілерге басқа арна қостырмаушы ем. Ауылда сеть алі қосылмаған. Дауыс бере алмағаныма өкінген кездерім-ай. Жеңімпаз болатынына іштей сенген болатынмын. Үмітім ақталып бас жүлдені жеңіп алды. Сол кезде онымен бірге мен де қуандым. «Көрінбей жүрсің сен неге»  әнін қанша рет тыңдағаным тіпті есімде де жоқ. Сол кезде ауылда интернет деген таңсық дүние еді. Дәптердің сыртына шыққан суреттерін қиып жинап жүрдім. Бар жоғы екі ақ әнін білетінмін.  Ол «Алау» мен  «Өшпес сезім» әндері еді.  Газетке шықса ең бірінші сол газет менің қолымда тұрушы еді. Оған мына өлең жолдарын арнаған болатынмын:

                     Өшпес жұлдыз

Қайрат саған ғашықпын білесің бе?

Кей кездері түсіме де кіресің сен.

Әндеріңнен қуат алып шарықтаймын,

Тыңдаудан бір сәтке де жалықпаймын.

 

Көрсем деп бір өзіңді армандаймын,

Көрермін деп өзімді әлі алдаймын.

Сансыз сенің суретіңді жинап алып,

Сол суреттен бір сәтке де көз алмаймын.

 

Бағыңды «Super Star»ашты сенің,

Әу баста-ақ жеңеріңе сенген едім.

Сондай сұлу дауысың жанды баурап,

«Алау»атты әніңдей барад лаулап.

 

Бұл сезімді өшірмей жүремін мен,

«Өшпес сезім»әніңдей жүрегімнен.

Бір кездері көрсем деп келбетіңді,

Сол сәтті күтіп Қайрат келемін мен.-деп жүрген жайым бар еді.

          Қазір ше? Қазір интернет бар. Қалаған әнімді қалаған суреттерді көшіріп ала аласың. Тіпті видеолардың қаншасын көшірдім екен. Оның менде 200 ге суреті бар. Газет пен  журналдардан жинаған суреттерін қоспағанда. Ол үнемі жанды дауыста айтатын байқауларға қорықпай шықты. Тіпті кез келген тондағы дауысты ала алады. 2011жылдың жазында болған «Жаңа толқын» байқауында да 4орын иеленіп қайтты. Сол байқаулардың барлығына ағам қатысып жатқандай ерекше қолдау білдірдім. Теледидар аңдумен болдым сол үш күн. Бұл байқауға кетпес бұрын егер   бірінші орын иеленсем, Ұтқан ақшама үй алам дегенде күліп едім. Жаман емес 17қатысушының ішінен 4 орынды иеленді.  Былтырғы жылы авто сатып алғанын естіп ем еді. Қуанышы көпке созылмады.Сол автосы абыройын айрандай төгілуінің себепкері болды. Сол жаңалықты естігенде төбемнен жай түскендей болды. Осы шудан кейін мені көргендердің алғашқы сөзі «Тунтеков сотталып кетіпті ғой» дейді. Бұрын оны мақтан тұтсам сол жолы шынымен ұялдым.

               Қазақ интернетіне сенерімді не сенбесімді білмеймін. Біресе өз еркімен мойындады десе, біресе мойындамай отыр дейді. Одан зорғысы  мас күйінде болған деп бір жазады, сараптама ішпегенін дәлелдеді деп бір жазады. Қайсысы шын қайсысы өтірік. Тіпті шатасып кеттім. Тунтековқа қолдау білдіреміз деп жиылған әншілер концерт береміз деп бір шулатты. Даурыға етіп берген концерттері біткен соң жйылған ақша тіпті күлкілі мөлшерде. 183500 теңге. Неге аз деген сұраққа залдың арендесы,аншилерді шақырдық, т.б. Ең күлкілісі тамаққа 1000доллар кетті дегені. 150000ақшаны босқа шашу ұят емес пе. Бір күндік тағамдарын аларлықтай әншілер соншалықты кедей емес қой. Соны қойш концерт бітті.  Концерттен жиылған ақшаны баланың операциясына бергенін де өз өзіне пияр жасады деп жазылған пікірлер жығылған үстіне жұдырық болып отырғаны жүрегіңді ауыртады. Бірақ бәрібір ол менің жүрегімде үнемі қала береді. Оған ешқашан қолдау білдіруімді тоқтатпаймын, және ешқашан  жек көрмеймін. Бұқаралық ақпарат құралдары Тунтеков қазақтың намысын қорғап келген батырымыз деп мақтанса, енді міне бір ақ күнде көзқарастары өзгеріп шыға келді. Тунтековтен жаман адам жоқ бұл өмірде. Ол туралы жазылған мақалалардың астындағы пікірлерден оңғанын таппайсың. Қайдасыңдар Қайраттың жанкүйерлері. Нағыз жанкүйер тек жеңісінде ғана қасынан табылмай жығылғанда да сүйей білуі керек емес пе?! Бұл жазбам Қайраттың ісі дұрыс дегенім емес. Тек ол жығылса да қолдау көрсететін жанкүйелерінің бар екендігін білсе екен дегенім!