Хабарландыру

Хабарландыру
жеке
блог

Ар ма, ағайын?!

Бірер күннен соң көптен күткен сүйікті мерекелеріміздің бірі Әз-Наурыз да келіп жетеді. Өздеріңіз білетіндей, бұл мерекеде араздар татуласып, алыстағылар жақындасып, бір-біріне құрмет көрсетіп, игі тілектерін жаудырады. Осы орайда СТВ арнасы да өз көрермендерін мерекелік бағдарламалар мен түрлі ән кештерімен қуантпақ.

Сондай-ақ, біз Наурыз мейрамында эфирге шығатын мерекелік түсірілімге кейіпкерлер іздестіреміз.

Егер де сіз:

  • күллі қазақ жұртшылығын Әз-Наурызбен құттықтап, оларға игі тілектер жаудырғыңыз келсе;
  • мереке күндері өзіңізді теледидардан көріп, жұлдызды сәтті сезінгіңіз келсе;
  • алыстағы ағайын-бауырларыңызға теледидар арқылы ән-сәлем жолдап, қуантқыңыз келсе, төмендегі телефондарға хабарласып, түсірілімге келіңіз!

Кейіпкерлердің жасы және әлеуметтік жағдайы  аса маңызды емес. 

Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында өтеді.

Байланыс телефондары: +7 777 579 80 93, +7 702 388 04 38. Хабарласыңыздар, достар!

Басты шарт: тамаша көңіл-күй!