"Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасы: Ел ертеңі - жас өнерпаздар

"Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасы: Ел ертеңі - жас өнерпаздар
жеке
блог

Елдің ертеңі болар жас өнерпаздар кімдер?!

Балалар шығармашылығы бүгінгі күнде қалай дамуда?!

Жас әнші Ермек Балжігіт неліктен мультфильм көрмейді?! Оның шетелден келген продюсері оны өзге елге алып кете ме?!

Тақпақтарды жатқа айтып қана қоймай, оны арнайы тапсырыспен жазғызатын 2,5 жасар бүлдіршіннің есімі кім?!

Жас өнерпаздарды ән, би, күйге үйретіп жүрген ұстаздар кім?!

Қазақтың ұлттық аспаптарын үйреніп, оларды түрлі додаларда кеңінен насихаттап, үлкен-кішіден алғыс алып жүрген "Қосарна" этно-фольклорлық дуэті қалай құрылды?!

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын бүгін СТВ арнасынан сағат 19-30да болатын "Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасынан таба аласыздар. Бағдарлама жүргізушісі Қазына Әбдіғапбар жас өнерпаздардың шығармашылығы жайлы толығырақ айтатын болады.