Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / СІЗ немесе СЕН

СІЗ немесе СЕН

СІЗ немесе СЕН

 

«Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» көрсетіп тұратын халықпыз ғой қашанда. Бұл халық даналығын менің ата-анам бала тәрбиесінде берік ұстанады десем артық айтпаған болар едім.

Олай дейтінім, ата-анам бізге өзімізден жасы үлкен кісілермен, мейлі сен оларды таны-таныма, тіпті туыс-туғаның болса да ешқашан «СЕН» деп емес, «СІЗ» деп сөйлесуді үйретті. Ағайын-туыс, жақын-жуық, көрші-көлемнің атын атағанның өзінде «апа, аға, тәте, көке, ағай, апай» деген сөздерді тіркестіріп атауды үйретті. Әрине, бұл әрбір отбасында берілетін тәрбие шығар. Бірақ, айтқым келгені, біз (біздің отбасының балалары) ата-анамыздың өзімен «Сіз» деп сөйлесеміз. Соны байқаған кейбір достарым, таныстарым «Сен неге өз ата-анаңа «сіз» деп айтасың. «Сіз» деп тек бөтен адамдарға айтылуы керек. Ал әке-шеше деген ең жақын адамдарың емес пе?» деп сұрап, қарсы пікір білдіріп жатады. Мен болсам оларға «Сіз» деген сөйлесудің сыпайы түрі және өзіңнен жасы үлкен адамдардың бәріне қаратып айтылатын сөз деп жауап беремін. Көбісі менің жауабымды теріске шығарып, бастарын шайқайды. Меніңше, «сіз» деп сөйлесу адамға деген құрметіңді, сыйластығыңды, сыпайылығыңды білдіру емес пе?!

 

Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 01 ақпан 2012, 12:03
Тегтер: сыйластық, отбасы тәрбиесі
Пікірлер
+0
01 ақпан 2012, 12:46

Үлкенге "сіз" деген дұрыс қой, ал мен кәрілердің бармақтай балаларға "сіз" дегенін қабылдай алмаймын. Меніңше, ол дұрыс емес. Ол әлгі шетелдің мәдениеті. Немесе, мұғалімнің оқушыларына "сіз" деуі. Ол да орынсыз.

+0
01 ақпан 2012, 12:51

Қазақ ешқашанда "Сен" демеген. Жасы кіші болсын, үлкен болсын, мен ел-жұрттың барлығымен "сіз" деп сөйлемін. Кейін оған үйреніп, жақсы тіл табысып кеткеннен кейін өзара рұқсатпен "сенге" көшемін. Үйде бауырларым мен ата-анаммен "сен" деп сөйлесемін. Өздері кезінде рұқсатын берген. Ал, өзімнен үлкендерді "аға, тәте" дегеннен жалыққан емеспін. Бүгін ғана Жарқын ағамен осы тектес тақырыпқа сөз қозғап едік. Ол кісі маған: "Менің "Аға" демеші деп еді))))

+0
01 ақпан 2012, 14:45

Негізі "сіз" деген сыпайылау сөз қазақ тіліне кешірек енген. Бір кезде бәрі "сен" деп сөйлейтін болған, ата-анасына, тіпті таныс емес адамға да.

+0
01 ақпан 2012, 12:55

Мысалы, ағылшын тілінде бір ғана сөз бар, ол "You". Сізі де сол, сені де сол. Олар мисс, мисстер дегенді ғана қолданады. Біз секілді "аға, тәте" демейді. Бұрынғы жұмысымда әкемнен үлкен шетел азаматын атымен атап, "You" деп айтатынмын. Ішімнен "сіз" дегенім)))))

+0
01 ақпан 2012, 13:01

Сіз деп сөйлеген дұрыс қой, бұрын мән бермейтінмін өзім кішкене болғасын бәріне "сіз" деп сөйлейтінмін кейде жасы көп (5-10 жас) кішілер "сен" деп тұрса бірсұмдық боп қалам. "Сіз" деп сөйлеу мәдениеттілікті де көрсетеді ғой

+0
01 ақпан 2012, 13:29

Жалпы бөтен адамдарға "Сіз" деп сөйлеу дұрыс. Бірақ ата-анаңмен сен деп сөйлеген дұрысырақ деп ойлаймын. Бұл ата-ана мен бала арасындағы барьерді бұзады. Сіз деп тұрып, оған ішкі бар дүниеңді, ренішіңді айта алмайтын сияқтысың. Білмеймін, мен өзім сен деп сөйлеп, олармен құрбы-құрдастай әңгімелесіп, еркелеп жүре беремін. Солай үйреніп кеткенбіз ) Бірақ бұл сыйламағандықты білдірмейді.

+0
01 ақпан 2012, 13:58

сіз деп тұрсақ ата анаға.... "саған не болған, қыз құсап сызылап қалыпсың ғой" деп ұрсатын сияқты ғо )

+0
01 ақпан 2012, 14:09

әке-шешеме "сен" деп айтып көрмеппін. Үлкендерге сіз деп айту дұрыс шығар

+0
01 ақпан 2012, 14:13

Мен негізі, есейген сайын ата-анаммен әңгімелескенде "сенге" көше бастаған сияқтымын ))

+0
01 ақпан 2012, 14:43

Юасқаларыңды қайдам, өзім әйтеуір Құдайға дұға жасағанда "сен" деп сөйлеймін.))

+0
01 ақпан 2012, 17:49

Ой, Сәкен, жалғыз емессіз. Мен де Құдаймен бала кезімнен бері "сен" деп сөйлесемін

+0
01 ақпан 2012, 18:06

Онда сен де мен де ол кісімен құрдас болдық қой.

+0
01 ақпан 2012, 15:34

Корей сериалдарын көріп отырғанда байқағаным, оларда тіпті ерлі-зайыптылар бір-бірімен "сіз" деп сөйлеседі.

+0
01 ақпан 2012, 15:38

Ой оларда мәдениет қатты қалыптасқан. Кейде тым асырып кетеді-ау деймін. Сыпайы сөйлеудің 4 түрі бар дей ме... Құрдасыңмен сөйлесу, өзіңнен 2-3 жас үлкендермен сөйлесу, ресми сөйлесу, үлкендермен сөйлесу... әрқайсында жалғанатын жалғау-жұрнақтар әртүрлі. Бастықтан шыққанда артыңды көрсетіп шықпайсың деген де бар, ішімдікті үлкендерге тіке қарамай, бір жағыңа бұрылып ішесің және т.б.

+0
01 ақпан 2012, 15:42

Сіз дұрыс!!!

+0
01 ақпан 2012, 16:11

ұмытпасам, Мағжан Жұмабаев та ғой деймін, "Сен деп сізге не дейін, тамұқта мәңгі күйіңіз" деп, қарғысты да сыпайы жеткізетін.
Негізі бәрі адамның ортасына, өзінің қабылдауына байланысты ғой. Мамам мен тәтем (нағашы әжем мен атам) бір-біріне "сіз" деп сөйлейтін, әрі мамам ешуақытта тәтемнің атын атап көрген емес. Үнемі "тәтең біледі, тәтеңнен сұра" деп отыратын. (Қазір екеуі де о дүниелік болып кетті). Өзім ол кісілердің шын атының кім екенін 4-сыныпта жүргенде бір білдім. Сөйтіп үйреткесін бе, өз ата-анама, басқа да үлкендерге "сіз" деуге тырысамын, кішілерге "сен" дей беремін және өзімнен кішілер "сен" десе, іштей ренжіп тұрамын. Бірақ пендеміз ғой, кейде ашуланғанда, "сенге" қалай тез көшіп кеткенімді байқамай қаламын; (өзім жаратпайтын адамға әдейілеп "сен" деген кездерім болған). :-)

+0
01 ақпан 2012, 16:42

"Сыйлағаны не керек, сізді қойып, сен десе". Бұқар жырау.

+0
01 ақпан 2012, 16:43

біздің жақта бәрі ата-анасына "сен" деп сөйлейді, бұл өзімсіну, жақсы көру, жақын тартудың белгісі. бұл ретте басқа варианттар адамның миына келмейді. сырттың адамына болмаса...

+0
01 ақпан 2012, 17:41

Біздің жақта да бар ата-анасымен "сен" деп сөйлесетіндер. Просты, бәрі де ата-анаға байланысты шығар. Оның үстіне менің әке-шешем де өздерінің әке-шешелеріне (менің ата-әжелеріме) ешқашан "сен" деп көрмеген.

+0
01 ақпан 2012, 18:45

Мен ата-анама сіз деп сөйлеймін. Ал, ағам сен деп сөйлейді, ата-әжесінің қолында өскен соң ба білмедім.

+0
05 ақпан 2012, 00:36

Мен де бала күнімнен сіз деймін, ағам сен деп айта береді))))

+0
05 ақпан 2012, 01:20

Ой достар Сіз деп және Сен деп басты ауырттыңдар ғой))))) Мен ата-анама ешқашан Сіз деп сөйлесіп көрмеппін, қазір ғанаи ойланып отырмын осы мәселені, қызық болтаны шығар иә,, ертесіне Сіз деп сызылып тұрсаң))) Меніңше Сіз деп айтудың орны ерекше, себебі бұл сыйластықтың, құрметтеудің және де адамның өз адамгершілігін көрсетудің белгісі ғой. Сондықтан достар сыйлағанның құл демекші әрқашанда жасы үлкендерге немесе бөтен таныс емес өзінің құрдастарына Сіз деп жүрейік. Бұл адамның мәдениеттілігінде.................

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.