Мюзиклге үңілсек...

Мюзиклге үңілсек...
жеке
блог

Соңғы кездері Корей киноиндустриясының керемет бір туындысын көріп жүрмін. «What’s up» деген, яғни былай аударатын болсақ «Не жағдай?» болатын шығар, очм, сериал-мюзикл. Оқиға театральный-мюзикл факультетіне түскен студенттер төңірегінде өрбиді. Олардың армандары, махаббаттары, үйіндегі проблемалары... бәрі өте қызық. Сериал бойында небір әдемі әндер шырқалады, ең бастысы олар дәл сол мезеттің атмосферасын жеткізіп тұрады. Корейлердің шеберліктеріне таң қалудан жалығар емеспін. Сериал толық аударылып бітпеген. Мына жерден көре аласыздар.

Айтпағым, осы сериалдан кейін мюзикл жанрына аса назар аудара бастадым. Өмірімде ең әсер еткен «Мулен Руж» мюзиклі шығар. Одан кейін қызығып мюзикл қарағаным есімде жоқ. Театрда «Сыған серенадасы» мюзиклі еш ұнамады. Оқиғалар желісі құрғақ, актерлер ойыны тым жасанды болған. Енді театр сахнасында керемет мюзикл туындысын көре аламын ба, белгісіз. Ол үшін Нью-Йорктегі Бродвей театрларына баруым керек шығар.


Жалпы мюзикл жанры сол Америкадан бастау алған екен. Кейін Ресейде, Франция елдерінде жақсы дамыған. Қазірдің өзінде Ресей мюзикл жанрын биік деңгейде ұстап келеді. Жалпы Кеңес Одағы кезеңінде түсірілген фильмдерде мюзиклдің элементтері көптеп кездеседі. Мысалы, «Ирония судьбы», «Служебный роман», тіпті «Тақиялы періште» фильмін алып қарасақ та әдемі әуендермен әрлеп, әрбір әні хит болған.

Бізде көрініс сәл басқаша. Менің білуімше, Болат Атабаевтың «Ақсарай» театрында мюзикл көптеп қойылатын, ал қазір ол театрдың неге екені үні шықпай қалды, сеземін, қаржыландыру жоқ. Ал экранизациялау жағынан көбіне Жаңа жылдық қойылымдарды мюзикл жанрында түсіреді, соны қанағат тұтамыз.


Бір театрға барып, демалып, керемет әсер алып қайтқым келіп жүр. Әсіресе мюзиклға )