Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сүйінші!

Сүйінші!

Сүйінші!

Ассалаумағалейкум, бауырлар!

Алдыңғы жазбада шәкірттеріммен бірге Мәскеу қаласына жол жүргелі жатқанымды айтқан болатынмын. Жыл сайын Мәскеуде А.П. Чеховтың көркемсөз оқу шеберлерінің ІІІ халықаралық байқауы өтеді. Биыл Қазақстанның атынан Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада Цирк колледжінің 3 студенті қатысқан болатын. Алла шүкір, біздің балалар өз өнерлерін ортаға салып, сенімімізді ақтады. Кужиманова Әсел 3-жүлдеге ие болып, лауреат атанса, Қасым Айбол ініміз дипломант атанды. Бұл Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада Цирк колледжінің тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық! Бұл тек қана колледждің, менің я Мәлімова Әсия апайдың қуанышы ғана емес, күллі қазақ халқы үшін де үлкен қуанышы деп ойлаймын.

Біздің балалар өз монологтарын орыс тілінде бастап, кейін қазақ тілінде жалғастырып, орыс тілінде аяқтаған кезде әділ қазылар мен көрермен қауым таңдайларын қағып, өз ризашылықтарын білдірді. Шәкірттерімнің талабы мен бойындағы дарынына тәнті болған олар, тіпті, келешекте өз оқу орындарында тегін білім алуға шақырды. Ал әділ қазылар алқасында отырған Ресейдің халық әртісі Василий Иванович Бочкарев бізді Малый театрға шақырып, қошемет көрсетті. Жергілікті телевидение мен радио өз мұрағатына сақтау үшін біздің балалардың оқыған монологтарын жазып алды.

Бір қызығы, тәжірибесі мен жасы бойынша байқауда төбе көрсеткен ең жас қатысушылар біздің колледж студенттері болды. Тәжірибесі мол әрі жасы үлкен белгілі театр әртістері және ЖОО-ның студенттерімен бірдей дәрежеде өз өнерлерін ортаға салды.

Мінекей, ағайын, қазақ елінің аты халықаралық байқауда тағы бір мәрте аталды. Жеңіс құтты болсын, ағайын!

Ізгі ниетпен, Нұрлан Албан

17879 36
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 31 қаңтар 2012, 15:15
Тегтер: Мәскеу, байқау, сүйінші
Пікірлер
+0
31 қаңтар 2012, 15:19

Қуаныш ұзағынан сүйіндірсін, аға! Қазақ атын шығарған шәкірттеріңіздің алар асуы әлі алда деген ойдамын. Құтты болсын!

+0
02 наурыз 2012, 20:23

Нүреке, кемпірлеріңді қалдырасың ба бірге алып жүресің бе))

+0
31 қаңтар 2012, 15:32

Құтты болсын! Шәкірттеріңіз үмітіңізді ақтай берсін! )

+0
31 қаңтар 2012, 15:40

құтықтаймыз, жіігттер мен қыздарды. Сізге де таза пейілімізді білдіреміз ))

+0
31 қаңтар 2012, 15:49

Құтты болсын!

+0
31 қаңтар 2012, 15:55

құтты болсын!

+0
31 қаңтар 2012, 16:03

әй, жарайсыңдар жігіттер!!

+0
31 қаңтар 2012, 16:05

мен қыздар

+0
31 қаңтар 2012, 16:09

ыыыы енді ііі не деугеее боладыы ыыы Құтты болсын!!!!! Әсия да танымал адам болсын Фамилиясын атынан кейін айтайық

+0
31 қаңтар 2012, 16:12

))))))) Пікіріңіз сол "ыыыыы"-лармен түсінікті болды

+0
31 қаңтар 2012, 16:11

Құтты болсын! Қазақ атын өзге елде танытып жүрген жастарымызға мың алғыс! Шабыттарыңыз шыңдала берсін!

+0
31 қаңтар 2012, 16:11

құтты болсын! тегін білім дегені жақс кен, тәжербие алмасу т.б. :)

+0
31 қаңтар 2012, 17:05

Өте қуанышты жаңалық екен!Құтты болсын!

+0
31 қаңтар 2012, 17:23

Құтты болсын!!!

+0
31 қаңтар 2012, 20:46

Қуаныштымын, аға!

+0
01 ақпан 2012, 11:31

құтты болсын ағасы! Сүйіншіге не берейік? :)

+0
01 ақпан 2012, 20:53

Мен де шын жүректен құттықтаймын! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

+0
01 ақпан 2012, 21:34

Құттықтаймын!!!

+0
03 ақпан 2012, 14:19

құтты болсын!

+0
06 ақпан 2012, 22:23

Нұрлан өнерлерің өрге бассын!Аллаға шүкір болып жазылады Алла шүкір болмайды

+0
07 ақпан 2012, 22:29

Құттықтаймын!!!Еліміздің атын шығаратын осындай талантты жастарымыз кобейе берсін!Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

+0
10 ақпан 2012, 17:15

сәлеметсізбе! Сіздің қазақшаны өте керемет сөйлейтініңізге таң қалдым. Алланың берген жасын адалмен өтеңіз!

+0
13 ақпан 2012, 11:38

Құтты болсын!!!!!!

+0
17 ақпан 2012, 16:42

Нұрлан ПИАР-ды жақсы жасайды просто

+0
28 ақпан 2012, 17:48

Бұл ПИАР емес!!! Расыменде колледждин студенттери барып кайтып, жулдели орынға ие болды!!!!!

+0
23 ақпан 2012, 01:12

құтты болсын!қуаныштымыз!

+0
26 ақпан 2012, 18:17

Меруерт Түсіпбаева туралы әңгіме рас па? Рас болса егер, неге олай жасадыңыз?

+0
13 наурыз 2012, 09:45

кеше ғана Меруерт Түсіпбаева еларнадан "Жарайсыңда" интервью бергенде айтып берді ғой. Нұрлан Албанның жасағаны дұрыс болмаған екен. Бекер емес шығар Нәзира Бердалының айрылысып кеткені?

+0
13 наурыз 2012, 09:47

Қырық жылғыны Түсіпбаева несіне қозғайды?! Мен соны түсінбеймін. Ал Назира Бердалының бұл жаққа не қатысы бар?

+0
13 наурыз 2012, 09:50

Нәзира Бердалы сол Нұрланның жылпос мінезіне шыдамаған болар дегенім ғой)

+0
13 наурыз 2012, 09:50

Бірақ Меруерттің өзінен де бар шығар) Мінезі де әндері де ұнамайды. Кешегі интервьюде: "Мен отандық телеарналарды қарамаймын " дегенін өз аузынан естігенде опшым жек көріп кеттім. Уақыттың тығыздығынан емес, өзім көргім келмейді деді ғой еще

+0
13 наурыз 2012, 09:53

Оны мен де байқадым. Сөйлеген сөздері шындыққа жанаспайды. Бұл мәселені біраз жерлерде айтып жүр. Әр жерде әрқалай айтады. ол бір. Екіншіден, бір жағдайдан екіншіге тез ауысады. Үшіншіден, сонау аласапыран кездегіні неменеге айтып отыр? Кімге қызық? Маған, мысалы, қызық емес.

+0
13 наурыз 2012, 09:56

еще Нұрлан сол кездері үйіме келгіштеп кетті дейді. Сонда ол бекерден келе бермейді ғой, тем более Меруерт тұрмыста.

+0
13 наурыз 2012, 10:06

Хахахахахаххахахах))))))))))))))))

+0
13 наурыз 2012, 09:54

черный пиар

+0
13 наурыз 2012, 10:28

айтпақшы, Меруерт Түсіпбаеваның қарызын қайтардыңыз ба?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев