"Бақыт гүлі"
жеке
блог

"Бақыт гүлі"

 

     Ең сүйікті мезгілім, бұл көктем. Көктем мезгілі адамға сүйіспеншілік, өзгеше шаттық, шабыт сыйлайды. Қыздардың құлпырып жаздай жадырауларына септігін тигізетін де аталған көктем. Осы мезгілдің маған сыйлары көп әрдайым жақсылық жасауға асығып,айналама ғашықтық көз қараста жүремін. Мен 21-ші көктемімнің алғашқы күнінен - ақ кеңпейілділік танытып, қөмек сұрағандарға қол ұшын созудан бастадым. Не істедім? нендей жақсылық?! Өтінішпен Қараға алыстағы құрбым телефон соқты, оның өтінішін екі етпеуге тырысып бақтым. Демек, 2-3 сағатымды құрбымның шаруасын тындыруға арнап, бәлнестен бәлнеске шапқылағаным бар. Тіптен менің жақсылық жасап жүргенімді бәрі естіп қойғандай, телефоныма дамыл болмай кетті, бір қызығы бейтаныс біреулер де көмек сұрап хабарласты.  Дегенмен де, сарандық таныту менің қолымнан келмеді...

    Сондай бір ғажап күндері курстасыммен кездестім, бұл бір делобой кездесу болды. Кездесу орны облыстық Лев Толстой атындағы кітапхана еді. Кіре берісте тәттілер сатып тұрған ағайдан жылтырақ қағазға оралған кәмпит-шәмпиттерді сатып алып,  том-том кітаптарды құшақтап жоғарға көтерілдік. Тәттіні аса жақсы көрмейтін едім, бірақ бұл кәмпиттің өзі де ерекше болды.  Кәмпит те таусылып бітті, енді екеуіміз тілдесе бастадық, әңгіме тақырыбы әрине, сол "8 наурыз мерекесі"...Ол өзінің осы мерекені қалай қарсы алып, кімнен не күтетінің айтып ағынан жарылды:

- Мен үшін ең қымбат сыйлық ол-гүл.Осы уақытқа дейін гүл сыйлағандар болды әрине, бірақ,  бір немесе екі тал болатын бар болғаны. Осы жолы бір гүлді місе тұтпайпаймын. Таныс бір  жігітке құшақ гүл  сыйға алғым келетінін айттым. Екеу емес, бірден 15 қызыл гүл сыйлашы деп өтінген ем, ол да уәде берді,-деген еді.

-Менің де гүл алғым келетінің жасырмаймын. Бірақ, біреу не сыйласа да шын жүректен сыйласыншы, мен ашықтан-ашық маған гүл керек дей алмайды екем,-деп қалдым терең ойға батып.

P.S. Дәл осы мереке күні көшеде құшақ-құшақ гүл ұстап шатыққа бөленген   қыздарды көресін. Иә, сонда барлық қыздар гүл сыйлашы деп жігіттерге өздері өтініш жасайды ма екен. Романтик жігіттер қайда кеткен?!  Дәл осы күні қыз көңілінен шыға біліңдерші?! Қыздарын ренжіткен сылқым жігіттерге айтарым "Еңкеюге арланатын, тәкаппарға айналмасын көкіректерің"...


 

nbsp;