Кластас кыз
жеке
блог

Кластас кыз

Жүрекпен ойнағанбыз

Сезіммен сынасқанбыз

Көңілді бойлаған қыз

Қайдасың,кластас қыз?

 

Жасырын жұмбақ әлем

Сыбырлап сыр ащқанбыз

Тиіссем бұлданар ең

Пәк жүрер кластас қыз.

 

Қылығың құрықтаған

Жанымның жал пырағын

Күлкіңді ұмытпағам

Қайдасың жапырағым?

 

Сыр сандық, құлыпты әлем

Бұздық қой сыныптасым

Сен мені ұмытқанмен

Бізді өмір ұмытпасын.

 

Жоғалған жүрек сырым

Мәңгілік парталасым

Сыртыңнан тілекшімін

Аман жүр,қалқам асыл!