Түркияның ең сұлу арулары "Әуе. жер. Ғашық" телехикаясында

Түркияның ең сұлу арулары "Әуе. жер. Ғашық" телехикаясында
жеке
блог

 

Әуе. Жер. Ғашық.» телетоптамасы. Бұл Жер мен Көк секілді бір—біріне мүлде ұқсамайтын апалы-сіңлілі Хавва мен Топырақ туралы хикая. Тағдырдың жазуымен екі қыз да бір жігітке ғашық болады. Фильм желісі бойынша Топырақтың сәбиі шетінеп кетеді. Ал, Хавва өмірден өз орнын табуға ұмтылады. Ол екеуі бір-біріне мүлде ұқсамайды: біреуі мұңға батып, торығып жүр. Ал, Хавва тәкаппар да еркін қыз, ол қашанда діттегеніне жетпей қоймайды. Олардың өмірінде Юсуф атты жігіт пайда болады. Оның таяуда ғана сүйіктісі қайтыс болып, жас сәбиімен қалған еді. Бұл үшеуінің де алдында тағдырдың қатал сынағы тұр. Тек әзірге оның қандай қиын боларын ешқайсысы да білмейді.

Фильм режиссері Атилнанштың пікірінше, телехикаяның табысты болуы ең алдымен актерлар құрамымен байланысты. Селен Сойдер «Түркия Аруы 2007» атағының иегері. Ал, Бирче Аклай «Еуропа Аруы 2004» байқауының жеңімпазы. Сондықтан да, тұтас бір елдің ең сұлу арулары сомдаған рөлдерде қызықты болары сөзсіз.