Нағыз дос.
жеке
блог

Нағыз дос.

1970 жылдардың басында швейцария конфедерациясында қабылдаған әскери оқуға швейцарияның Гейни Б есімді азаматы әскери міндетін өтеуге  шақырылады. Отан тыныштығынан жан тыныштығын артық көрген Гейни әскери оқудан қашуды ойға алады. Кейін келе өзі айтқандай «армия оның  жан дүнмесіне сұмдық кері әсер етіп көңіл күйін езіп тастайды» екен. Бұл бәледен құтылу үшін ол өзінің орнына бала кезден бірге өскен  жанқияр досын аттандырып жібереді. Ең қызығы досының түрі Гейниге мүлде ұқсамайтын. Бірақ асқан шеберлікпен неше түрлі жалған құжаттарды қолдан жасап, ым-жымын білдірмей жібереді. Гейнидің жан  досы жыл сайын әскери міндетіне шақырылып, борышын абыроймен атқарып келетін. Тіпті оған армияның қатал тәртібі сұмдық ұнайтын. Офицерлер де «Гейниді» керемет жақсы көрді. Жақсы көргендері соншама өмірінде әскери казарманың ішіне кіріп көрмеген Гейни жарықтықты талай мәрте марапаттап та жіберді. Қойшы әйтеуір күндердің күнінде жалған құжаттардың өтірігі ашылып, екі дос   заң тұзағына ілінеді. Арада 20 жыл өтіп кеткендіктен   әскери сот екі достың әрекетіне түсіністікпен қарады. Нағыз Гейниге қиянат жасамай   «әскери қызметке жарамсыз.  уақыты өтіп кеткен» деп сот әділ үкім шығарады. Ал оның әскер сүйген досына мақтау қағазын салтанатпен тапсырды.