Қазіргі қаракөз аруларымыз жайлы бірер сөз!

Қазіргі қаракөз аруларымыз жайлы бірер сөз!
жеке
блог

                              Қазіргі қаракөз аруларымыз туралы бірер сөз!

             Мұнда жазғандарым өте ұзақ көрінуі мүмкін. Бірақ ойымдағының бәрін жазып үлгермедім. Өте ұзақ жазбаны ешкім ұнатпайтыны бәрімізге аян.Сонда да аяғына дейін оқуға кеңес берем.

             Айтқым келгені қазіргі қаракөз қыздарымыздың  түрі, түсі бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен бұлар ұлттық үлгіден ауытқып бара жатқандығына қарап қарның ашқанның көкесі. Қазір көптеген қыздар ана тілінен алыстап(қазақша бір ауыз сөз білмейтін), ұлттық дәстүр, салт-санадан мақұрым болып барады. Қазақтың тамаша ұлттық салт-дәстүрлерінен мүлде хабарсыз десем артық айтпағаным болар. Бір сөзбен айтқанда қазіргі қазақ қыздарында ұлттық рух жойылып бара жатқандай ма қалай?!

            Сонымен қатар тағы бір мәселе сәнқойлық.  Сәнді көрінген жақсы әрине. Бірақ  көп қыздар жазда жалаңаш (ашық-шашық деген мағынада), қыста жалаңбас жүреді. Жылуы жоқ жұқа бешпет, капрон шұлық киіп, қалтырап сабаққа не қызметке барады. «Қарағым-ау, бүйтіп жүріп денсаулығыңды жоясың ғой!» дегің келеді оларға. Жоқ, оларға денсаулық емес, сән керек. Санасын әбден сән билеп алғаны шығар бұл. Мүмкін жігіттерге ұнау үшін осылай киінетін болар. Бірақ жігіттерге де болашақ баласының анасының дені сау болғанын қалайтынын білсеңіз болғаны. Мысалы:

            Рак ауруларының көбі күн сәулесінің денеге шамадан тыс өтуінен екен. Әсіресе, жаз кезінде денені тым қатты ашып жүру – обырдың бастамасы. Оған қоса, тізеден өткен салқын да – көп ауруға жол ашады екен. Ал, қазақ көз тиеді дейді. Қазір 15 000 отбасы балаға зәру, яғни әрбір 6-шы отбасының баласы жоқ. Қазір онкологиялық аурулар адам жалмау жағынан алдына жан салмайды. Бірінші – өкпе, екінші – асқазан, үшінші – әйелдер сүт безінің обыры тұр. Ал, омырауыңды ашып жүргеннің көкесі. Ауыру жұқтырудың тағы бір жолы:

            Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис - шәріптерінде айтылғандай, адам дене
мүшесінің салауаттылығын қорғауға борышты. Оны бүлдіріп уландыратын не нәрседен де өзін аулақ ұстауға мәжбүр. Адам тұлғасының он екі мүшесі де Алла тағаланың бізге берген аманаты. Аманатқа қиянат жасап қасты татуаждап, бет жүзін түрлендіру, кіндік, мұрынға пирсинг салдыруға болмайды. Денені сәндемек ойымен адамзат баласы, әсіресе бойжеткен қыздарымыз осындай қисынсыз жолдармен өз денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Түрлі жұқпалы айықпас ауруларға шалдығатындар  да кездесіп жатады. Сен болашақ ана екеніңді ұмытпашы. Ана демекші ана атанудан бас тартқан жандар жайлы:

            Жасанды түсік жасату әйел денсаулығына орасан зиянын тигізеді. Егер түсікті 14-тегі қыз жасатып жатса, мұның жас ағзаға тигізер зардабы туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Ал Қазақстанда жыл сайын 14 пен 18 жас аралығындағы 10 мыңға жуық қыз түсік жасатады. Оның ақыры түрлі гинекологиялық және қатерлі ісік ауруларына, сондай-ақ бедеулікке алып келеді. Жалпы әлемде жыл сайын бір миллион жасөспірім қыз жүкті болып, көбі жасанды түсік жасату мен босану үстінде қайтыс болады. Себебі, мамандардың айтуынша, әлі толық жетілмеген жас ағза төтеннен киліккен салмақты көтере алмай қалады.Мұның алғашқы себебі тәрбие болып табылады.Екінші себебі алдану.Бірақ бұл жерде “тайынша көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді”дегенді қайда қоямыз.

            Сонымен қатар қазіргі кезде қыздар арасындағы шылым шегудің көптеп таралуы.Бұған себеп:

1.Еліктеу

2.Толықтықтан арылу

3.Қызық көру

Ал осы шылымның  болашақ ана үшін зияны орасан зор. Қыздардың ішінде ұрлық жасайтындар мен шылым шегіп, арақ ішетіндер де кезігеді. Демалыс саябақтарынан шашын дудыратып ұйыстырған, ұнамсыз ерсі киім киіп, аяғын бірінің үстіне бірін салып, темекі түтінін құмарлана жұтып отырған сылқым бикештерді жиі жолықтыруға болады. Қастарында отырған адамдардан именбейді. Ал, енді осыны көрген жас қыздарымыздың бұларға еліктемесіне кім кепіл?

          Менің айтқым келгені қыздарды жамандау емес. Себебі соның ішінде өзім, әпкем, анам да бар. Бар болғаны көңілімді күйттеп жүрген мәселелерді көтеру еді.Жаман деп бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпын. Бұл тек менің ойым. Сіздің ойыңыз қандай?