жеке
блог

Кездесер әлі...(поэзия)

Жүрек сырын жырларым жалғасыншы

Қысылмастан шумағым ақтарылсын

Әр қатарда ақ сезім самғасыншы  

Пана болар мұңайған шақта тылсым.    

 

Өтпесінші өмірің күрсінумен

Үміт үзер қолыңды сілтемегін 

Жүрегіңнің мейрімді дүрсілінен  

Махаббат майлап алад пілтелерін.

 

Адал боп маздаса егер қызыл жалын

Күн туады бір күні жылынатын

Сендегі жамандықтың сызылғанын

Жан жолығад көзіңнен ұғынатын.

 

Өкініш қысым жасайд қорыққанға

Жолыңды алалаумен жүз кеседі

Жарайд деп көне салма жолыққанға

Шын күтсең теңің әлі кездеседі.

 

 Автор: Берік  Сұлтанов



Ең қызықты блогтар

Жұлдызды блогтар