Қазақ бренді қайсы?

Қазақ бренді қайсы?
жеке
блог

    Әр ұлттың өзін айқындап тұратын белгісі болады. Қазақтардың арасында бұрындары таңба арқылы  арқылы рулар бірін-бірі танып жатса, қазірде халықаралық деңгейде елін таныстыратын белгілі бір символдар бар. Егер оны ресми түрде қарасақ, ол әр елдің туы, елтаңбасы. Алайда мұндай ресми символдардан гөрі, қарапайым халық арасында өнер, өз өнімдері,бұйымы секілді заттар танымалдылыққа тез ие болады.  Мәселен, көшеден BMW маркасындағы жеңіл автокөлік көре қалсаңыз, сіз Германияныкі екенін ойланбай-ақ білесіз. Сол секілді қазақы брендтерді тізіп көорейікші. Алдымен, соңғы жылдары кеңінен танымалдыққа ие болған «Қара жорға» биі. Одан кейін Лондон -2012 олимпиадасының нәтижесінде қазақтың ұлттық тағамдары: жылқы еті, қымыз секілділер әлем жұртшылығының назарын аударды. Әрине, Ауыр зілтемірші жеңімпаздарымыздың арқасында. Менің ойыма осы екеуі бірінші түсті. Тағы іздестіріп көрсем мынадай ақпараттарды оқыдым.

1. Маса.кз сайтында (http://masa.kz/article/view/id/2044) Мұрат Насимовтың «Қазақтың ұлттық брендетері»

  •   - Қазақстанның азаттық символы - Алтын адам;
  • -     танымал сақ ғұламасы - Анахарсис (ол туралы жазбалар Геродот, Платон, Аристотель, Плутарх еңбектерінде ұшырасады; Афины реформаторы Солонмен достық қарым-қатынаста болған);
  • -     парсы патшасы Кирдың басын алған сақ патшайымы - Томирис;
  • -     әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби;
  • -     Арыстан баб, Қожа-Ахмет Яссауи, Айша бибі кесенелері;
  • -     күллі түркі халықтарының ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі саналатынҚорқыт атаескерткіші;
  • -     шығыстың қос жұлдызы атанған - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова;
  • -    М. Әуезовтың әлемге танымал«Абай жолы» роман-эпопеясы (эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылып, «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында жарық көрді);
  • -    барыс (қазақ барыстың тектілігін, батылдығын пір тұтады; Алматы және Астана қалаларының таңбаларында бейнеленген);
  • -     көшпелі мәдениеттің белгісі - киіз үй;
  • -     ұлттық киімдеріміз - шапан, сәукеле, тақия және т.б.;
  • -     ұлттық музыкалық аспаптарымыз – домбыра мен қобыз;
  • -     бүкіл әлем таныған өнер - айтыс;
  • -     ұлттық спорт ойыны - көкпар;
  • -     елордамыз - Астана қаласы және Ақорда;
  • -     Астана қаласындағы «Бәйтерек», «Қазақ елі» монументі және Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі;
  • -     ғылыми-техникалық прогрестің белгісі - Байқоңыр ғарыш айлағы (алғашқы жер серігінің ұшуы, адамзат тарихында тұңғыш рет адамның ғарышқа аттануы, ғарыш саяхатшысының тұңғыш сапары осы ғарыш айлағында өтті);
  • -   қазақ халқының ескі көшпенді өмірін көрсететін – «Көшпенділер» фильмі;
  • - жасанды мұз айдыны бар әлемдегі ең ірі «Медеу» спорт кешені;
  • - дүние жүзіне танымал демалыс орындары - ШымбұлақБурабайжәне т.б.;
  • - географиялық орналасу себептері - Каспий теңізіАлата

 

2. Абай.кз-дағы  материал «Қазақстанның имиджін қалыптастырған 10 бренд» (http://abai.kz/content/kazakstannyn-imidzhin-kalyptastyrgan-10-brend) Бұл материалды сілтеме бойынша қарап көріңіз. Маған ұнай қоймады. Алайда, пікірлері қызықты.

 

  Сонымен, қазақ ұлтының бренді деп сіз нені айтар едіңіз? Жоғарыда тізбектелгендер расымен қазақ ұлтын таныстыратын брендтер ме? Қазақ бренді деп білетініңізді жазыңыз?