Блог Құрылтайға тіркелу басталды!

Блог Құрылтайға тіркелу басталды!
жеке
блог

23- 24- наурызда Шымкент қаласында өтетін "BlogCamp 2013" ке тіркелу басталды.  Мына жер арқылы тіркелуге болады. Келем деушілерге есік ашық! Тіркелем деген массагеттік қолданушылар блогыңызды көрсетіңіз деген жерге массагеттегі өз профильдерін көрсете алады. Мына сілтеме де менің профильім көрсетілген, сол сияқты өз профильіңіздің сілтемесін көрсетіңіз. 

Ескертетін жағдай: жолдың ақысын, және 22 нен 23 не қараған түнгі пәтер ақыны өзіңіз төлейсіз. 23 нен 24 не қараған түні "Бәйшешек" демалыс орнында тегін. 

Блогкэмпқа жаңа жоба ұсынып, стартап жасаймын деген адамдарды қуана қарсы аламыз. Стартапқа арнайы тағайындалған сыйлығымыз бар! Бастысы бізді таңқалдыра және өте пайдалы жоба жасаңыз. 

Тіркелу 16- наурыз күні аяқталады

Тіркелгендердің тізімі күнделікті мына жерде жаңартылып отырады. 

Толық ақпаратты Блог Құрылтай сайтынан біле аласыз. БлогКэмпта кездескенше!