танысуды ұмытыппын

танысуды ұмытыппын
жеке
блог

Жақсылыққа жаны құмар ағайын, алыстағы ардақтылар, жақындағы жақсылар. Бүгін блогашар болайын деп тұр. Ойлағаным осы газетке,журналға журналист болу еді. Тың ғасырдын техникалық дамуының нәтижесінде мультимедиа, интернет журналистика пайда болды. Ендеше елмен бірге етене көш, етене көш маған бөтен емес дегендей, араларынызға келіп қалдым. Жатсынбай, жұрт сыйлаған тақсырдай қабылданыздар. Байтақ елдін басына біткен мәселелерді бірге көтеріп, бірге шешуге Аллаһ жазсын.  Мен өзіме келер болсам 1991 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында дүниенің жарығын көріп, туған елдің түтінің иіскеппін. Одан бері Жамбыл өңірін шарлай келе Шу бойына қоңыс тепкен екенмін. Ес білгелі осы ауданның тұрғынымын. Улап шулап  ҰБТ тапсырып, маңдайыма бұйырған 85 баллды арқама салып, арман қуып,мұратты іздеп (Арман деген маған қарыз,сосын қудым,Мұрат досым еді) бағына біткен Алатауды айнала конған Алматы  шаһарына келдім. Бұл премиера еді. Алғашқы рет Алматыға келуім. Атам Кемпірбай мені қарсы алып, оқу орнының тізімін қарап қара шаңырақ, қасиетті қабырға ҚАЗҰУға ертіп келді. Содан бері бағым бар екен, грантқа ілініп әп сәтте қара жігіт журналистика факультетіне топ ете қалды.Содан бері ай өтіп арман, жыл өтіп жігер жиналып бүгін блог бастадым. Аллаһ тағала бұйырса жақсы,жағымды жазбалар жазармын деп үтір қойдым,