Бесік жыры
жеке
блог

Бесік жыры

 Тағы да, тағы да көлге барып күн батты,

Тағына, тауына ай қонды да тіл қатты,

Неге балақан, ұйықтамай жатырсын

Бекер-ай әлди бөпем-ай

 

Жілік шағып берейін, майын алып ай

Көзіңді ашсаң қасыңнан табылайын-ай

Әлди, әлди-ай

 

Жолдарда жондарда шырт ұйқыға шомыпты,

Сол маңда, орманда ұйқыны кім қорыпты

Бұтақтар салбырап, бар әлем балбырап,

Мүлгиді-ай, әлди бөпем-ай

 

Ұлы  Абайдай ақылы  мол жан болар ма екен

Толағайдай еліне қорған болар ма екен

Әлди, әлди-ай

 

Сан жылап, қалжырап есінейді бөбегім,

Маужырап, қалғымақ түске айналып өлеңім

Бұлақтар былдырлап, құрақтар сыбдырлап

Түсінде әлдилер ме екен?

Керғұла атты ерттеп ап мініп жүр ме екенсің

Күн туарын еліңе біліп жүр ме екенсің

Әлди-ай, әлди бөпем-ай