"Google" ата немесе блог бастаған мен бейбақ!
жеке
блог

"Google" ата немесе блог бастаған мен бейбақ!

Массагетке тіркелгеніме 5 күн болды. 5 адамға пікір қалдырдым. 2 күн бұрын "Массагеттіктермен" кездесуде болдым. Дәл қазір массагетке алғашқы жазбамды жазып отырған жағдайым бар. Қасымда сіздерге аз да болса танысып үлгерген Амангелді Сейтхан жатыр. (Мұрат Шаймаран ағайдың сабағынан "еркектер" туралы мақала жазып. Мүмкін массагетке салар, оқи жатарсыздар алдағы уақытта...)Мен сұрадым: "Не туралы жазсам оқитын едің"-деп. Ол: "Мен, сен не салсаң да оқимын ғой"-деп жауап қатты. (Себеп біреу: екеміз доспыз. Менің ойым ол  үшін, оның ойы мен үшін өте қызық!)

Ал, Біссіміләә! Мен бастадым... (Кем дегенде 1 тұрақты оқырманым болады. Оған да шүкір. Блогты Амангелдіден кейін ашқанымды енді түсінген боларсыздар... Әйтпесе баяғыдан ой бар...)

Кез келегеніміз тығырыққа тірелгенде көмектесетін "Google" атамызға менде жүгіндім. Бүгінгі күнді жаздым. Немересі "Wikipedia" мынадай жауап ұсынды:

Оқиғалар тізімі:

"1989 жылы 28 ақпан – Алматы қаласында «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысы дүниеге келді. Осының артынша Қазақ ССР Министрлер Кеңесі сол кездегі Семей облысындағы ядролық полигон маңайындағы экологиялық жағдайдың жай-күйін бақылау мақсатымен арнайы комиссия құрды. Республика басшылығы тарапынан қолдау тапқан бұл қозғалыс Семей ядролық полигонын жабу ісіне өзіндік үлесін қосты."

......

......

Сіздердің естеріңізде мүмкін, мүмкін "емес".

Менің бар мақсатым ойымдағы дүниені бірінші жақтан жазсам да, бірнеше адамға ой қалдыру. (Массагеттіктердің де ойы: "Қазақ жастарының басын қосып, ойларымен бөлісу. Жастардың көңілін көтеретін портал ашу болғаны белгілі." Ол мақсаттарына уақытынан бұрын қол жеткізгендіктері де көрініп тұр). Мен осыған дейін біраз жазбаларды оқып шықтым, жазылған пікірлерді де. Оқырманға ұсынылған дүниенің көрген адамның санымен немесе жазылған пікірлермен өлшенбесі  анық. Алайда кез келген айтушы мен жазушы өзінің оқырманы мен тыңдарманы болғанын қалайтыны айдан анық. (Қауымбек Қайсардың (қателеспесем Алшын МАТАЙ): "Блокка бір жазба салсаң, оны 3-4 күн бойы қарап жүресің... Кім не жазды? Неше рет қарады? Қандай пікірлер бар?"-дейді.) Менімше кез келген жазбаның құны "иа, жақсы екен", "онша емес", "тағы да жазып тұрыңыз" деген жалаң пікірмен емес, ойға ой қосатын, кемшілігі болса жіліктеп көрсететін құнды пікірмен өлшенетін сияқты. Алғашқы жазбамды массагеттіктерге деген үлкен өтінішпен бастағым келіп отыр. Сіздердің жазған пікірлеріңіз (комментарий) қазақ қоғамының білім деңгейін, санасының салмағын көрсететінін білсеңіздер екен. Осыған барлығыңыз бірдей ат салыссаңыздар екен! Алдын ала рахмет!

Менің бар ойым осы негізі. Күндердің бір күні, мүмкін 10, мүмкін 20 жылдан кейін мен сияқты бір "бейбақ" блог ашқысы келер. Жоооқ блог емес, сайт! Ол кезде бұдан да қарыштап дамып, Массагет тегін блог ашатын ойын-сауық порталы емес, тегін сайт ашуға мүмкіндік беретін үлкен орталыққа айналды делік. Жаңағы "бейбақ" дәл осы уақытта жүзінен нұр кетседе, басындағы білімі мол "Google" атаға жүгінеді. Сол кезде оқиғалар тізімінде 1989 жылғы 28 ақпан күні "Невада-Семей" қоғамдық қозғалысымен қатар, менің блог бастау оқиғам былай деп жазылып тұрса несі айып:

"2013 жылы 28 ақпан күні Хамиденов Асқар есімді азамат, Массагет ойын-сауық порталынан жеке блог ашып, сапалы пікір қалдыру идеясын ұсынды. Сол идеясы артынша мемлекет тарапынан қолдау тауып, сайттар мен блогтарда, әлеуметтік желілерде жүйеге қойыла бастады. Қазақстандағы блогтың дамуына үлкен үлес қосты".

Армандауға болмайма.....