Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Билік, бизнес, өнер және ғылым

Билік, бизнес, өнер және ғылым

Билік, бизнес, өнер және ғылым

Бүгін күндіз достармен тауға барып едік, сырғанауға. Қызық болды. Содан енді қазір ұйықтайын деп көзімді жұмсам бітті таудан төмен қарай сырғанап, ел жұртты қағып-соғып ытқып келе жатқандай боламын)). Бір сағаттай жатып, түк ұйықтай алмадым. Ең болмаса бірдеңе жазайыншы деп төсегімнен қайта тұрдым)).

Осы әр адамның өзінің өмірлік таңдау жолдары болады ғой. Мен соны әлі жасай алмай жүрген сияқтымын. Мен үшін өзі төрт бағытта жол көрінді - өнер, билік, бизнес, ғылым. 

Кішкентай кезімде өнер адамы болуды армандадым. Әдебиетке қызықтым, актер болғым келді, саксафон мен фоготты үйрендім. Әнші де болғым келді. Қысқасы,  Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, кейіннен шетелдік актерлер сияқты елге танымал, өнер адамы болғым келді ғой. "Өскенде кім болсың"- деп сұрағандарға "актер" деп жауап беретінмін. Мектеп бітіргенше сол райымнан қайтқан жоқпын.  

Содан универге келдім. Белсенді жастармен араласып, жаңалықтар қарап, газет-журнал оқып, мемлекеттік қызметке қызыға бастадым. Арманымның ар жағында "шенеунік болсам", "министр болсам", "ел басқаратын біреу болсам" деген мысықтілеу пиғыл жатыр ғой енді, сондағы. Ақыры не керек, Құдай өзі жетелеп отырып журналистика әкелді, "ал көр сен қызыққан нәрсенің не екенін" дегендей. Бас-аяғы үш жыл жүрдім ба, соған да тойып қалған сияқтымын. Қарап отырсаң, қызығатын нәрсе емес екен. Саясатта жүрген бір-екі таза адам бар шығар, соның өзін сыйдырмайды және ол заңдылық. "Мықты саясаткер" деген сөздің қарабайыр айтсаң "мықты кидать ете алатын адам" деген ұғым шығады. Жақында нағыз қазақтың бір жанашыр адамының жазықсыз сотталып кеткенін көріп, мүлде жүрегім айныйтын болды. 

Сосын бизнес деген нәрсе бар. Ол да қызық. Бизнесте жүрмесем де ішінара не қызықтары бар екенін зерттеп, анда-санда бас сұғып қоямын. "Қазақстанда еңбектенген адамға мүмкіндіктер көп" деген пікірмен келісуге болады. Кеңес кезінде саудамен айналысқан адамды спекулянт деп атайтын. Бірақ арамзалық жасамаса ол да халал нәрсе ғой. Алып-сатуды былай қойғанның өзінде, қазір кәдімгідей өнім өндірумен айналысуға да мүмкіндіктер бар. Бірақ енді өз өмірімді сол бизнезке арнай алмайтын сияқтымын. "Ары кеткенде байып кетерсің" дегендей ғой. Бірақ кет-әрі емеспін. 

Тағы бір бағыт бар ғылым деген. Басқа-басқа жастайымнан ғылымға қызыққан емеспін. Ғылым десе көз алдыма әшки таққан бір ақбас шал елестейтін:). Бірақ сол әшки таққан ақбас шал болу қазір менің арманыма айналып келе жатқан сияқты, чета. Студент кезімде ғылымға кірмесем де, кітап оқуды азартқа айналдырған бір өтпелі сәттерім болып еді. Сонда өзім үшін бір жаңалық ашқан кезде кәдімгідей ләззат алатын едім. Қоғам үшін, ғылым үшін ол жаңалық та емес болуы мүмкін, бірақ өзім үшін бір ашылыс болса жүрегім кәдімгідей елжіреп мас болатынмын. Енді ойласам сол сезім жақсы екен. Жалпы ғылымның да екі бағыты болады. Біреуі қоғамға қажетті ғылым, екіншісі өзіңе қажетті ғылым. Қоғамға қажетті ғылым компьютер жасайды, Сотка, Айфон мен Эпл, зымыран, спутник жасайды. Ал өзіңе қажетті ғылым үшін ондай нәрселер екінші, үшінші орынға ысыралады. 

Бірде Нютон мен Нильс Бор ғылыми айтысқа түспей ме. Ұмытпасам, "ықтималдылық теориясы" үшін болу керек. Біреуі былай дейді, екіншісі былай дейді. Содан бастары піспей қояды. Оған Еуропаның, әлемнің ғалымдары қатты ашуланады. "Бұл екеуі сондай қабілетті ғалымдар. Бірақ олар өздерінің білімін қоғам үшін пайда әкелуге жұмсамай отыр" деп сынайды, сөгеді. Ал бұл екеуінің қоғаммен еш шаруасы жоқ)). Бұлардың айтысып отырғандары сол өздері үшін ашылыс жасау мақсатында еді. Ішкі ізденіс. Кейде ойлаймын, Ньютонға "ертең сені ешкім де есіне алмайтын болады" деп айтса ол қамықпайтын шығар.  Өйткені шын ғалым адам "атақ" деген синдроммен ауырмайды. Сол секілді, ішкі ізденістен туған ғылымнан кәдімгідей ләззат алуға (Тура мағынасында) болатын сияқты.  

Енді ойлаа-ап отырсам, маған бизнес немесе ғылым екеуінің біреуін таңдау керек сияқты. Бизнестің де жайы түсінікті ғой. Ол бір обезболивающи дәрі сияқты. Шипасы жоқ бірақ әйтеуір алдаусыратады. Көп нәрсеге алаңдамай, әрдайым жұмысбасты болып, өзіңе ойлануға да мұрша бермей жүре берсең өмір сүру де оңай болады. Оның үстіне еңбек еткен адам тозбайды ғой. Ал өнер деген нәрсеге қызығушылығым ашыла қоймас. Өнер деген жақсы әрине. Бір ол көбіне өзің үшін емес көп үшін болып кетеді. Публичый нәрсе. Ән айтсаң жұртқа ұнау үшін айтасың, сызылып)). Актер болсаң, боксер болсаң танымал болу үшін істейсің. В итоге - разочарование. Танымалдықпен тапқан ақшаң ғана өзіңде қалады. Бизнестің бір түрі. Қысқасы өнер деген жақсы, бірақ оған менің аса икемім де жоқ, қызығушылығым да жоқ. Ал "билік" деген бағыттың жайы белгілі болды. Жалпы меніңше ел басқаратын адам ғалым болу керек немесе ғалымның сөзіне құлақ түре алатындай болу керек. Саясаткерлік, дипломатиялық қабілет екінші орында тұру керек. 

Сонымен сол... Биыл Алла жазса PhD-ге тапсырсам деген ойым бар. Егер жолым болып жатса жұмысты да қойып кішкене оқығым кеп жүр. Бұл жолы бакалвр мен магистратурадағыдай диплом үшін емес, өзім үшін оқығым кеп жүр.

Бұйыртса әрине. Бұйыртпаса тағы да сол әр нәрсенің басын бір шалып жүре беретін шығармыз. Жалпы мен үшін ғалымның қай салсы екені аса да маңызды емес сияқты. Физикада, математикада, философия да, география да адамға ләззат бере алады. Қайбір жылдары Стивен Хокингтың "Краткая история времени", "Мир в ореховой скорлупке", "Квантовая механика" деген сияқтыбір екі кітабын оқып шығып едім. Өзім әдебиетші болсам да соны бір ләззаттанып оқыдым(Оқуға кеңес беремін). Біздің қандай эллюзияда өмірі сүріп жатқанымызды нақты есептермен дәлелдеп береді. 

Қой жарайды. Жазбам ертең өлейін деп жатқан сексендегі шалдың философиясы сияқты боп кетті-ау деймін)). Кейде ішіңдегіні шығарғың келеді ғой.

3344 29
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 29 қаңтар 2012, 23:04
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2012, 01:49

Шабыт деген керемет нәрсе ғой, тауға бардың да бірден іштегі ойларыңды құя салдың. Және қандай ойлар... ) Адам ізденісте болуы керек, алдағы жарты жылын болсын біраз болжап отырғаны жөн. Сәттілік тілеймін! )

+0
30 қаңтар 2012, 10:20

Иә, шабыт деген тауда екен. Тауда өссең Мұқағали мен Оралған сияқты қияли болып кетесің))

+0
30 қаңтар 2012, 02:03

Ал сәттілік!!! Өз сүйікті ісіңді тауып, тек жетістіктерге жете бер!)

+0
30 қаңтар 2012, 10:20

Ой рахмет, көп рахмет

+0
30 қаңтар 2012, 08:56

Сәкен, жарайсыз! Қаншама уақыт жазбай кетіп, белсенділігіңіз төмендеп еді. Бір жазғанда қатырып тұрып жазыпсыз. Сәттілік тілеймін! Егер сол тауға бармасаңыз, мұндай пост жазбас та едіңіз деп ойланып қалдым))

+0
30 қаңтар 2012, 10:15

Сәкен көп жазбайды Ол бір постымен-ақ биікке жететін адам!

+0
30 қаңтар 2012, 10:23

Өткенде Массагеттің ұжымы тауға шыққанда мені де ала кетсеңдер осы постты сол кезде ақ жазып қойған болар едім.

+0
30 қаңтар 2012, 10:44

Келесіде ойда болады ))

+0
30 қаңтар 2012, 09:07

Жүректі елжіретіп көзіме жас үйірлттің ғой)) Сәттілік!!! Әшки таққан ақ бас шалға айнал!!!

+0
30 қаңтар 2012, 10:23

Таң ертеңнен бір жылап алдың ба))

+0
30 қаңтар 2012, 09:56

Жан қалауыңыз біреуін басқасынан жоғары қояды ғой қайткенмен де. Сондықтан, тартынбай сол жолға түскеніңіз жөн шығар...

+0
30 қаңтар 2012, 10:24

Санкс

+0
30 қаңтар 2012, 10:14

Сәкен, ғылымнан ләззат алу деген бар! Тіпті, ләззат дегеннің өзі ғылымда болуы мүмкін. Фрейд солай деген сияқты еді ғой...

+0
30 қаңтар 2012, 10:16

Ол да маңызды ғой)) барлық ләззаттар сияқты))

+0
30 қаңтар 2012, 10:45

ол да МА ңызды ма

+0
30 қаңтар 2012, 10:20

Жан-жүрек қалауың білсін. Өнермен де өзің үшін айналыса аласың ғой. Ал ғылым жолы бәрінен маңызды әрі пайдалы сияқты көрінеді маған. Сәттілік! PhD-ге түсіп кет!

+0
30 қаңтар 2012, 10:51

Осыдан бір жыл бұрын мен де дәл сіз сияқты ойланушы едім. Қазір өз таңдауымды жасаған сияқтымын. ИншАлла мақсатыңызға жетіңіз.

+0
30 қаңтар 2012, 10:56

Дұрыс... Кей адам қолдарынан басқа нәрсе келмейтіндіктен бір орынға қадалып қалады, үрей мен қорқыныш болатындықтан... "Басқа жаққа ауысайын десем, қорқам..." дейтін бір құрбымның сөзін еске алып отырғаным ғой, ал кей адам - шынымен, өз мамандығының майталманы... Бастысы, жұмысыңа қарай асығып тұру шығар немесе оқуыңа... Жазбаң жақсы екен.... Көзқарастарымыздың ұқсастығына таңғалып отырған жай бар....)))))))))))) жазар көбейсін!!!

+0
30 қаңтар 2012, 12:31

Сәкен сенің тауға барам дегеніңе де таңқалып едім (негізі біз сияқты тұзың жеңіл емес қой дегенім). Мына жазбаңды оқып одан бетер таңқалып отырмын. Өйткені сен сырыңды ішіңе сақтап, онша ешкіммен бөлісе бермейсің ғой:) Ішкі ойларыңды бір төгіп алған дұрыс қой негізі, айтпасаң да (түскі ас кезінде)) осылай анда-санда жазып сыртқа шығарып тұр! Ырзамын саған:))

+0
30 қаңтар 2012, 12:32

Сәкен сенің тауға барам дегеніңе де таңқалып едім (негізі біз сияқты тұзың жеңіл емес қой дегенім). Мына жазбаңды оқып одан бетер таңқалып отырмын. Өйткені сен сырыңды ішіңе сақтап, онша ешкіммен бөлісе бермейсің ғой:) Ішкі ойларыңды бір төгіп алған дұрыс қой негізі, айтпасаң да (түскі ас кезінде)) осылай анда-санда жазып сыртқа шығарып тұр! Ырзамын саған:))

+0
30 қаңтар 2012, 12:34

2-рет басып жібердім, 1-ден кетпеген соң)

+0
30 қаңтар 2012, 12:52

Назерке, сәәәәлем

+0
30 қаңтар 2012, 13:52

Удорения дұрыс қойған жоқсың, "е"-ні де созу керек еді. Дұрысы "Сәәлееееем" болу керек еді.

+0
30 қаңтар 2012, 14:20

Сәәкееен! Сенің "серезный" жазбаңа, адамдар беріліп тұрып пікір жазып отырса, сен неге бәрін мазақ қыласыың? Причем тут ударение! -деп жылап жібергім келіп отыр:)) Қысқасы, не күлерімді, не жыларымды білмей отырмын:((

+0
30 қаңтар 2012, 14:23

Мазақ емес)) Сенімен дұрыс амандасуды үйретіп жатырмын ғой жұртқа. Сәәлееем деп кім амандасушы еді?

+0
30 қаңтар 2012, 14:30

Кім екенін өзім білем! Әңгіме амандасу туралы болып жатыр ма не? Жарайды, Ботикке жарасады, жазбаға қатысы жоқ пікір жазу (Ы -деген сияқты)), ал саған, бетіңе айтайын:)) онша жараспайды. Оның үстіне "ғылыммен айналыссам"- деп жүрген адам емессің бе? Ғалым болу оңай ма? Ғылым саған ойыншық па? Жоқ жұмыстағы танк пе? Жынымды шығармашы! Ы!

+0
30 қаңтар 2012, 14:32

:)))))))))))))))))))))))))))) Ы болса, Ы !!!

+0
30 қаңтар 2012, 14:40

мен өзімше айттым

+0
30 қаңтар 2012, 14:40

мен өзімше айтттттымммм

+0
30 қаңтар 2012, 14:41

Сакен, не удорение а удАрение

+0
30 қаңтар 2012, 14:48

жарайд, есте болады

+0
30 қаңтар 2012, 13:52

Сәкеннің жазбаларынан білімділігі көрінеді... Қыстыгүні тауға шығып көрмеппін, шықсам маған қандай қиял келеді екен:))

+0
30 қаңтар 2012, 13:53

Шықшиш енді. Алдағы уақытта біздің ұжым тағы шықпақшы. Баратын болсаң..

+0
31 қаңтар 2012, 10:13

Медет, жиі ашылып тұршы

+0
31 қаңтар 2012, 10:25

Медет?

+0
31 қаңтар 2012, 16:32

Ежелгі дәуірдің әңгімесін қозғамаш

+0
31 қаңтар 2012, 16:51

онда кішкене хандық дәуіріне келейк Мира!

+0
31 қаңтар 2012, 16:55

Мира, О Мира - сен менің шабытым ба едің?

+0
31 қаңтар 2012, 16:56

Хандық дәуір емес ол, қазіргі кез ғой))

+0
01 ақпан 2012, 23:35

осыдан менде тауға шықпасам

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев