Клип!

Клип!
жеке
блог

  Соңғы 2-3 жылдың көлемінде, біздің Қазақстан эстрадасының жас әншілері клип түсіріп, телеарналардан жиі көрініп жүр. Біздің эстрада жұлдыздары көбінесе Өзбекстандық клипмэйкерлерге жүгінеді. Неге? Сапалы әрі арзан дейді өздері. Бірақ... сол түсірген бейнебаяндары кейде шынымен де көруге келмейді. Бірде мазмұны қайталанып жатса, бірде әнге мүлдем сәйкес келмей жатады. Соған байланысты, жақында ғана жарыққы шыққан бір бейнебаян туралы айтып кетсем деймін. 

 Інжу есімді әп-әдемі әнші қызымыз бар. Өзім Інжудің әндерін жақсы көрем. Дауысы да ерекше. "Сендей адам" атты әніне түсірген бейнебаянын көрген шығарсыздар. Жалпы клип жаман емес. Сапалы, әдемі түсірілген. Тек бір "НО"-сы бар демекші, клиптың сюжеті ұнамады. Қай жақтың режиссері түсіргенін білмедім. Қыз бен жігіт. Әп-әдемі махаббат. Күліп-ойнап, теледидардың пультіне бір сағат таласып қалады. Не үшін екені белгісіз (сол пульт үшін бе екен...) ренжісіп қалады. Екеуі бір-бірін сағынып, әбден сарғаяды. Сүйеді ғой өтйкені. Қыз көзімен іздейді жігітті. Жігіт болса басқа жақта ішінен күйіп жүреді. Ақыр соңында, тағы да қалай екені белгісіз, татуласады. Татуласқанда қалай, жәәәй ғана қолдарының саусақтарын ұстап тұрады түнгі Алматыда. Сіздер, мысалға, сүйктілеріңізбен ренжісіп, қайта кездесіп жатсаңдар, ақырын адымдап, жәй қолынан ұстайсыздар ма? Махаббат қайда? Сағыныш қайда? деген сұрақтар туады. Шынымен сағынған жандар бір-бірін көре салысымен ұшпаушы ма еді өмірде? Клипті көрген адамның өз пікірі болады ғой. Менің пікірім осы енді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

...