Маған ұнаған жаңа клип

Маған ұнаған жаңа клип
жеке
блог

Теледидарда Әлия Әбілқайыр деген әншінің "Жаңбырлы күз" әні ротацияда жүр. Бір-екі рет көзім түсіп кетіп еді, әні де, клипі де ұнады. Соңғы рет шыққан клиптердің ішінде ең ұнағаны осы болды.


P.S. Әлия Әбілқайыр алғаш рет он екі жасында "Әнші болғым келеді" байқауына қатысып, ерекше дауыс номинациясымен қоса, жеңімпаз атанған. 16 жасында "SuperstarKZ"-тің үшінші кезеңіне дейін өткен... Кейіннен Нұрлан мен Мұраттың жетекшілігімен құрылған "Сағнұр" тобына қабылданды. Бір жыл жұмыс жасады. Кейіннен өзгерістер болды. Одан продюсер болып жүрген Нұрлан мен Мұрат өздері бөлініп кетті. Бұл 2006-2007 жылдар болатын. Содан соң жеке әнші ретінде танылып жүр. Бүгінгі таңда репертуарында 15-16 ән бар. Екі бейнебаяны бар екен.