Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Хат жазып тұр...

Хат жазып тұр...

Хат жазып тұр...

"... Хат жазып тұр басқа ойды жатсына, Қайталап оқып қалайын бір шаттана, Хат жазып тұр, хат жазып тұр...наннанаааа..." Осы әнді қатты жақсы көремін(бірнеше рет қайталап тыңдап отырмын). Әнді ғана емес, жалпы, хат жазғанды жаным сүйеді. Бала кезден солай болатын. Алыстағы туыстарыма: "Гүлденген әлем, Айгерімен сәлем!" деп бастап жазатын хаттарымды олар әлі күнге дейін сақтап жүр. Өзіме көрсеткенде ұялып қалатыным бар. Құрбыларыммен де солай. Хат жазып, ұнамаса жыртып, қайта жазудан шаршайтынмын. Үйдегі қорап-қорап хаттарымды үйге барған сайын ақтарып бір жылаймын, бір күлемін. Ауру қалса да, әдет қалмайды дейді. Қазір студент болсам да, сабаққа кіріп, партаға отырсам, қыздар қағаздарын дайындай бастайды. Ал сосын жазысамыз кеп))) Қаншама рет ел-жұрт оқып қойды, апайлар тартып алды, тіпті баяғыда хаттарымды Айжан деген құрбымның мамасы оқып қойып, масқарам шыққан(( Әй, сондай да қоймаймын-ау))) Маған қашанда ойымды, сырымды ауызбен айтқаннан хат арқылы жеткізген әлдеқайда жеңілірек болатын. Бұрын жатып алып қиялдайтынмын, "түүүу, кейін жігітім әскерге кетсе ғой, күніге хат салар едім деп))) қайдағы? қалды ғой бәрі.

Шіркін-ай! Ешкім жоқ бөлмеге кіріп(ойың және сен боласың), бар мұңынды қаламмен ақ қағазға төккендегі керемет сезімді алмастыра алатын не бар екен? Ал ақ қағазға, сияның бетіне тамған көз жастың суретін ешкім де сала алмайтын шығар... Айтыңызшы, керемет емес пе? Адам баласына айта алмаған сөздеріңді қағазға түсіре аласың. Бар ойыңды жинақтап, саралап, жақсылап жеткізесің, жасандылық болмайды. Және хатта жазылғандар айтылған сөздер сияқты тез ұмтылмайды, бір құжат сияқты сақталып қалады. Өкіншке орай, қазір, хаттың заманы өтіп бара жатқандай. Не айтқың келсе де мына пернетақталарды төмпештеп отырасың))

Хат алмағаныма үш жылдай уақыт болыпты.Үш жыл... Шынымды айтсам, мені хаттың киесі ұрған секілді. Осыдан үш жыл бұрын өзімнен едәуір жас үлкен бір жігіт: "Айгерімжан, мынау аманатымды өзіңе, өзіңнің жүрегіңе ғана жеткізгейсің, басқа ешкімге емес..." деп қолыма төрт бүктелген қағазды ұстатып еді. Сенесіз бе, ондай "сұлу хатты" өмірімде алғаш және соңғы рет алуым еді. Жаттап алдым. Әлі есімде. Мен оңбаған ол кісінің аманатына қиянат жасап, құрбыма оқытып едім. Хаттың киесі ұрды-ау деймін. Содан бері ешкімнен хат алған емеспін... Өкінемін. Бәлкім, бұл оқиғаның еш қатысы жоқ болар, бәріне кінәлі - техника, интернет, агент деп өзімді алдап қоямын, әйтеуір) Кім білсін?

Осыдан бір апта бұрын бір досым "Айгер, давай, сен екеуміз хат жазысайық, кейін қандай тамаша естелік болады. Балаларыңа оқытасың, жарыңа оқытасың, мені еске аласың..." деп біраз әңгіме айтты. Қуанып кеттім де, бірден келістім. Алғашқы хатымды жолдап та қойдым. Әсерімді жеткізе алмаймын) Төрт қабырға бекітулі бөлме... Мен және мұңым... Қағаз бен қалам... Ғажап! Ал хатты конвертке салып, аузын желімдеу және жауап күту... Мұндайды тек бастан өткергендер ғана түсіне алады деп ойлаймын.

Хат жазып тұрыңыз...Мұңыңыз бен сырыңызды ақтара...

34
Рейтинг: +10

Жазылған уақыты: 26 ақпан 2013, 11:09
Тегтер: хат, хат жазу, хат жазып тұр

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.