Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ең әдемі қайсысы?

Ең әдемі қайсысы?

Ең әдемі қайсысы?

Ертеректе атағы әлемге жайылған  бір патшаның ай десе аузы, күн десе көзі бар әсем қызы болыпты. Қыз бой жетіп, тұрмыс құрар шақта, ешкімді менсінбей жүре беріпті. Көрші елдің ханзадалары  мен  бай-манаптың  ұлдарын да ұнатпай, мұрнын шүйіріпті.

 Түр әлпеті келіскен бір кедей жігіт те патшаның қызына ғашық болып,  қызды сұрай барғанымен, босағасына да  жолатпапты.  Көңілі қалған жігіт басқа елге қоныс аударып,   күні-түні еңбектеніп, істің көзін тауып, байып кетеді.   Арада біраз уақыт өткен соң, ол елге қайта оралады. Патша қызының күйеуге тигенін естіп, оны үйіне іздеп барады. Сұрастыра жүріп,   қыздың үйін тауып алады. Қақпадан  енді ішке кіре бергенде  түсі адам шошырлық бір кісі  асығыс  үйден шығып кетеді. Ол  ұзап кеткеннен кейін жігіт есікті қағады. Қақпаны  баяғы  ғашығы  ашады. Жігіт  әлгі адамның патша қызының күйеуі екенін біліп,  оның себебін сұрайды.  Қыз жігіттің сұрағына жауап бермек болып, бақшаға алып келеді де:

– Сен осы жерден сұрағыңа жауап аласың. Маған  осындағы ең әдемі гүлді алып келші. Бірақ бір шартым бар.  Артқа жүрмейсің, тек алдыңдағыны аласың. Жігіт:

– Жарайды, келістік, – дейді де бақшаның ішіне кіріп кетеді. Әдемі гүлді таптым ғой дей бергенде алдынан одан да әдемісін көреді. Сол гүлді ала бергенде, келесісі көзіне шалынады. Осылайша  бақшаның шетіне шығып кеткенін  байқамай қалады... Амалы құрыған ол ең шеттегі солып қалған гүлді алуға мәжбүр болады.

– Міне! Енді түсінген шығарсың, әлгі адамды неге таңдағанымды?! –деген екен патша қызы.

 

1972 16
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 29 қаңтар 2012, 16:30
Пікірлер
+0
29 қаңтар 2012, 17:05

Жұп таңдауда ғана емес, адам өмірінің барлық істегі философиясы осындай қарапайым қателіктен тұрады ғой, қарап тұрсаң))

+0
29 қаңтар 2012, 18:00

Жар таңдау былайынша екі жақты махаббатқа да негізделген ғой.

+0
29 қаңтар 2012, 20:15

иә, рас айтасың

+0
29 қаңтар 2012, 20:17

таңдай берсең, таңдай бересің ғой негізі. Бірақ адамның барлығы дерлік бірдей болады менің ойымша. Тек бар мәселе сәйкестікте. Сөзің мен ойлау жүйең сәкес келетін адамға кез болсаң көп ойланбастан шешім қабылдау керек ау осы.......Жар таңдау да бір кітаптың тақырыбы ғой.....қуа берсең....:) пост ұнады, керемет

+0
29 қаңтар 2012, 21:22

Осы аңызды алғаш түрікшеден оқып едім. Әдемі мысал.

+0
29 қаңтар 2012, 21:33

Сұлу қыздар мен сері жігіттердің кездестіретін жұбтары иманды болғанын тілеймін (Иншааллаһ)...

+0
29 қаңтар 2012, 21:43

Мәәә... мен болсам таңдап, жап-жақсы жігіттерге қарамай жүрсем...десен))) Бәрі жазылған, тіпті біздердің болашақ жарларымыз да. Сондықтан еш уайымдамаймын.))

+0
29 қаңтар 2012, 22:57

Сәния, На Бога надейся, а сам не плошай деген жақсы сөз бар ғой. Бір күні форточкадан бере салады деп күтпеу керек, өзің де әрекет жасап, танысатын жерге барып, не жалпы таныстыруды сұрап, қимылдау керек, жарасып тұрған уақытта Құдай көмектеседі деп ойлаймын.

+0
29 қаңтар 2012, 22:59

))Болды! Әрекет істеуге уәде беремін!!!

+0
29 қаңтар 2012, 22:43

Адам өзіне лайықтысын тапқанда тоқтамға келеді ғой, ешбір күмәнсіз. Оған дейін қанағатсыз болған жөн. "Таңдаған - тазға жолығар" деген - далбаса сөз.

+0
29 қаңтар 2012, 22:52

келісемін!

+0
29 қаңтар 2012, 23:50

Таңдау қашанда қиын. Шымкентте жүргенімде барша қыздар сонда деп ойлайтын едім. Ал, мұнда Алматыға келген соң осында екен. Қазақтың қыздары сұлу болып келеді. Таңдай алмай дал боласың. Содан келіп тұрақсыз деген атқа қаласың. Бар айып бізде емес, қыздарда. Неге мұнша сұлу жаратылыссыңдар қыздар?

+0
30 қаңтар 2012, 00:06

Бір пікірде сұрақ та, комплимент те (алматылықпын!!!)

+0
30 қаңтар 2012, 00:12

Әдемі мысал!!! Шынымен, ұзақ таңдап жүрудің қажеті жоқ...

+0
30 қаңтар 2012, 00:23

Құбылмалы өмір атты нарыққа,
Бағынбастан сөз айтайын парыққа,
Пенде біткен сенеді ғой ғайыпка,
Сұлуларға ғашық болсам айыппа? КІМ ЖАУАП БЕРЕ АЛАДЫ СУРАҒЫМА?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев