Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Көкек ұясының үстімен(Над кукушкиным гнездом)

Көкек ұясының үстімен(Над кукушкиным гнездом)

Көкек ұясының үстімен(Над кукушкиным гнездом)

  " По-настоящему сильным до тех пор не будешь, пока не научишься видеть во всем смешную сторону" (с) Над кукушкиным гнездом.

 

Бұл кітапты жақында оқыдым. Қазір басқа кітап оқып жатсам да, осы кітаптан алған әсерімнен әлі арыла алмай жүрмін. Жүрекке сонша жақын қабылдағанымды өзім түсінбеймін. Ал алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын-ау. Тамаша туынды! 

Басында оқып жатып, не туралы өзі деп түсініксіздеу болғаны рас. Кейін кейін түсінікті бола бастады. Кітапты оқып жатып, жыладым да, күлдім де. Трагикомедия. Соңында ше... кәдімгідей оқи алмайтынымды түсініп, кітапты біраз жауып қойдым(жапқанда, не ғой, ридерден оқыдым, кітапты өшіріп қойдым мағынасында). Сосын шыдай алмай кітаптың бетін қайта ашып, оқуды жалғастырдым. Бітірдім. Жыладым. Біртүрлі боп қалдым. 

Кітап рухани аурулар туралы. Жо-жоқ олар мүлдем жынды емес, олар тек қоғамда өз орнын таба алмай, жұрттың күлкісіне қалып, өз-өзін жегідей жегендер. Өмірде күліп- ойнақтап, қыздармен, отбасыларымен қыдырып жүретін жастар, кәрілер өз өмірлерін қор қылып өтуде. Қоғамға шығып араласудың орнына, өне бойы зұлымдыққа толы үлкен медбикенің зұлым істерін көргенін тыныш санайтындар. Осындай "бейбіт" күндердің бірінде ірі денелі, қызыл-сары шашты, бұзақы Макмерфи араларына қосылады. Міне осындан бастап олардың өмірі "нағыз тірі" өмірге айналады. Бірақ, өмір қатал, ережеге кім қарсы шықса, оның соңы қайғыға апарады...

Кітап бір жағынан  өмірде өз орныңды тап, ешкімнен қорықпа, өз дегеніңмен өмір сүр десе, екінші айтар ойы, өмірде кім күштірек, сол жеңеді дегісі келді. Менің түсінуім бойынша. Және кітапты баяндап отырған үндістің(америкалық халық) соңында жасаған ісін мен қоштадым.  

Осындай кітап жазған авторға алғыс! Осы кітап Кизи Кеннің бірінші шығармасы екен. Бұл кітап авторға даңқ әкелді, кітап бестселлер болды.

Кітап керемет шедевр дей алмаймын, бірақ оқуға тұрарлық кітап.

Бұл кітап желісімен фильм де түсірілген Голливудта. Фильм "Пролетая над кукушкиным гнездом" деп аталады. Аталмыш фильмнің режиссеры Милош Форман. Фильм 5 ірі номинация бойынша "Оскар" жеңіп алған.

Фильмді әлі көрмегенмін. Көргім келеді, бірақ жүрегім шыдай алар ма екен...

Қысқасы, кітап ұнады :). 

4
Рейтинг: +0

Автор: Erkekyz C
Жазылған уақыты: 25 ақпан 2013, 00:54
Тегтер: кітап, кітап оқу, көкек ұясының үстімен, над кукушкиным гнездом, Милош Форман, оскар, фильм

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.