Әр нәрсенің орны бар...

Әр нәрсенің орны бар...
жеке
блог

Өмір деген қызық..... Ұзақ уақыт армандаған армандарың, мұратың, тілектеріңе өміріңдегі бір ғана сөз, бір ғана өзгеріс қалай әсер ететінінде кейде ойламаймыз. Болашақта қалай болатынын ойластырып, мұратыңа жетемін дегеніңде мақсаттарыңның бірі орындалмай қалса, бір кемшілік пайда болса, біреуге немесе бір затқа күмәнің пайда болса, адам деген арманынан бір сәтте айырыла салады екен...

Иә, өмір деген қызық.... онымен қоса өте қиын... кішкентай ғана адам болғанымда "қашан өседі екенмін, үлкен болып бәрін өзім шешем" деп не үшін ойландым?! не үшін тезірек өсіп кетсем деп армандадым?!

Әр нәрсенің өз орны мен себебі бар деп жай айтылмаған.Өмірдің әр кезеңінің өзіндік қиыншылықтары, ерекшеліктері, үлкен, кейде кішігіріп қуаныштары бар, сол үшін де өмірдің бізге берген сынақтарына төзе білу керек..... 

Тек бір ғана сәтсіздіктің арқасында арман-мақсаттарыңа қол бұлғаудың қажеті жоқ...