Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Суицид тезис

Суицид тезис

Суицид тезис

Жыл сайын өз еркімен жарты миллиондай  адам  ұрпағы өз еркімен өмірден кешеді екен.  Қол салғанның бәрі өле бермейді. Өзіне өзі қол салған бақытсыз жандардың  бірнеше миллионын  аман алып қалатын сәтті кездер де болады. Жыл сайын табиғи апаттар мен кішігірім соғыстарда қаза болатындардан   өзін өлтіретін аурулардың саны әлдеқайда көп. Адамдардың өмірден безінуінің түпкі себебі неде? Өзіне қол салғандардың көбісі  бұрыннан  жан-жүйкесі ауыратын ғәріп жандар. Олар шизофрениктер, алқаштар, нашақорлар, не болмаса қиындығы тәнге де, жанға да өте ауыр  бататын аты жаман мерезге шалдыққандар.  Ақыл есі дұрыс, дені саулар  көбіне ауыр қайғыға ұрынғанда, махабатта жолы болмаса, жанашырсыз жападан жалғыз қалса, өзін кінәлі сезінгенде, өмірлік жоспары толығымен  күйрегенде мойынға арқан салады не болмаса у сіміреді. Кейбір кездері олар өздерінің  жауласқан  кісілеріне қарсылығын өлімімен көрсеткісі келеді. Бір қарағанда олардың ерікті ажалы түсінікті секілді көрінгенімен өмір шіркіннің ақиқатын танып қараған адамға осы істің бәрі де ақымақтық. Махаббатта жолы болмай, жақынын жоғалтып, аты жаман ауруларға да ұшырап, қиындық шегіп жатқан адамдар айналада баршылық қой. Бірақ олардың бәрі бірдей  өздерін өлтіріп жатқан жоқ.    Әлбетте, жанға батқан ауыр қайғы осы бір жанды жеп бара жатқан азаптың тезірек бітуін қалап тұрады. Ойды бұлайша қорытуға тағы да қорқасың. Себебі, соғыс басталып,  артынша ел ішін ауру жайлап, оның артынан  жеті ағайынды жұттың шабуылы жан-жақтан үдегенде, қала берді зұлым үкімет қара халықты саяси сылтаумен жаппай қырып, жойғанда не себепті өзін өзі өлтіру  фактісі  азайып сала берген.  Керісінше соғыс пен концлагердің нағыз тозағынан тірі қалып, жаңа өмірге жалғанған адамдар жетерлік. Керісінше азаптан аман қалғандардың кейбіреулері мамыражай бейбіт заманда арқанға асылып қалады. Неге? Бұл былай тұрсын мына фактіге назар аударыңыз. Әлеуметтік жағдайы құлдырап, саяси дағдарыс әбден шиленісіп, тұрмыс, тіршілік  шамадан тыс ауырлап бара жатқан мешеу елдердегі өзін өлтіру фактілерін түсінуге аздап болады. Тарихта мұндай оқиғалар талай кездескен. Америкада ұлы депрессия кезінде, Ресей күйреген 90-шы жылдары, Берлин қабырғасы құлағанда Шығыс Германияда да өзін өлтіру көбейді. Онда не себепті өзін өлтіру жағынан ХХ ғасырда Батыстың дамыған елдері алдарына жан салмады. Батыс еуропаның ит басына іркіт төгіліп жатқан бай елдерінде өз қолынан қыршын кету қаптаған. Батыс еуропада орын алған бұл жайттарға «жағдайы болмады, сосын солай істеуге мәжбүр болды» деген тәпсір жүрмейді. Әдетте адам баласы жас кезінде – тәжірбиесінің жоқтығынан дүниенің болмашы кедергісіне ұрынып, опық жегенде  торығып  өліп кетеді. Орта жаста өзіне көңілі толмай торығып барып бақиға еркімен аттанады, қарттық келгенде алдағы сүреңсіз өмірден қорқып барып өзіне қол салады. Бұлардың бәрі «өмірден шаршадым», «өлімнен қорқатын ештеме де қалған» жоқ деген желеулермен өледі екен.

Бұлардан бөлек өзіне өзі қол салмаса да өзін өлім хәліне итермелеп тұратын жайттар өте көп. Алкоголь мен нашаны шамадан тыс көп пайдалану, көлікке мініп зымыратып айдау, қауіпті техникамен қалай болса, солай сақтық шараларын сақтамай салақ жұмыс жасау. Мұндай кезде адам өзін өлтірген болып саналмайды. Алайда өмір үшін де жанталасып күресіп жатқан жоқ!

Қалай десек те өзін өлтіру өте түсініксіз жұмбақ жайт. Тіпті осы құбылысты терең зерттейтін суицидология деп аталатын ғылым да бар. Бұл ғылымның мамандары күні-түні осы құбылысты сараптап зерделейді. Әдетте табиғат анамыз адамның жанына өзін өзі сақтап қалу инстинктісін салып берген емес пе?! Олай болса адам баласының өз табиғатына қарсы шығуы немен түсіндіріледі.  Француздың жазушы, философы Сарт «адамның айуаннан тағы бір айырмашылығы сонда – адам өзін өзі өлтіре  алады» деген екен.

Енді осы мәселеге моральдық этика жағынан келсек қалай бағалар едік. Адам баласы өзін өлтіруге құқығы бар ма жоқ па? Әр бір елдің мәдениеті мен менталитетінде өзін өлтіруге деген көзқарас әр түрлі. Бір елде мұндай әрекетті қолдамаса енді бірі мақтап жатады.

Еуропада 2 мың жылдан бері өзін өзі өлтірігендерді жазғырып келеді. Бұл істі үзілді кесілді күнәлі әрекет деп не болмаса ауыр қылмыс жасағанға теңгерген.  Бертінге дейін кейбір елдің заңында өзін өзі өлтірмекші болғандарға ең ауыр жаза өлім жазасы кесілген. Еуропада өзін өлтірген адамның мәйітін жұрттың алдына шығарып қойып ауыр сөздер айтып әбден сөгетін. Марқұмды сөгіп болған соң  ешқандай діни рәсімдерсіз жерлеп  тастайтын. Бұл да әлі бергі жағы. Оларға жаза арғы дүниеде жалғасып жатады. Өзін өлтіргендер мәңгі дүниеде азап шегетін болады деп үгіт насихат жұмыстарын ары қарай жалғастыра беретін. 

Бұл мәселеге философтар әр түрлі қарап келген. Сократтан Ницшеге дейін өмір сүрген ойшылдар өзі өзі өлтіруде азаттыққа жетуді жарқын жолы деп санаған. Ницше Эпиктеттің «Есіңде болсын есік әманда ашық!» деген пікірін былайша қайталапты. «Өзіңді өзің өлтіріп тастау туралы ой кез келген қорқынышты түндерді мұңсыз өткізуге жұбаныш бола алады». Расында да өмір шіркін ауырлап, қызықсық боп, мұң мен қайғыға толып кетсе оны ары қарай сүре беріп не керек? Өз өмірімізге өзіміз қожа емеспіз бе? Оны қашан аяқтасақ та өзіміз білеміз.   «Ешкімді де зорлап өмір сүргізбейтін болғандықтан та Құдайға мың да бір рақмет айталық!» деп бір заманда Сенека пақыр өліп кеткен екен. Өзін өзі өлтіруге қарсы болған пікірлердің де өзіндік көне тарихы бар. Жалпы мұндай қатерлі әрекетке түбегейлі қарсы шыққандар діни көзқарас иелері. Әсіресе Христиан және Ислам ойшылдары. Әулие ғұламалардың пікірінше өзіңе қол салу рұқсат етілмеген Құдайдың жұмысына араласқанмен бірдей күнәлі іс. Кімнің қашан өмірден өтерін бір Құдай ғана біледі. Р. Моуди өзіне қол салып ғайыптан тірі қалған бір келіншектің аман қалғаннан соңғы пікірін жазады. «Бұл дегеніңіз Құдайдың берген сыйлығын бетіне лақтырғанмен бірдей өрескел қылық» деп жазады. Моудидың осы келтірген дәлелі дін ғұламаларының пікірімен сәйкес келеді. Яғни өзін өзі өлтіру Құдайға жақпайтын жаман қылық. Орыстың ұлы ойшылдарының бірі Достоевский дінге қатты сенетін тақуа кісі еді. Ол ХІХ ғасырдағы орыс қауымының күйреуі кезіндегі көзі ашық сауатты орыс жастарының өзін өзі жаппай өлтіре бастаған рухани апатқа қарап қабырғасы қайысатын. Ол өліп кеткен бейбақтарға асқан жанашырлықпен былай деп үн қататаны. «Сүйкімді де қайырымды бауырларым! Қайда бара жатсыңдар? Тас қараңғы, тас меңіреу мола сендерге қайдан ғана сүйкімді болып көрінеді? Көктемнің күнінде аспанға жарқырап шыққан ғажайып күнге қарасаңдар еді. Талдар бүршік атып гүл жайнады. Осынша ғажаптан ләззат алмай жатып өмірден шаршап, абыройсыз өліп барасыңдар».

Бұл енді дінге сенетін тақуа адамның әсерлі сөзі. Бірақ елдің бәрі дінге сене бермейді гой. Сонда қалай адам дінге сенбесе олардың өзін өлтіруі қалыпты нәрсе ме? Бұл жерде мәселе жақсылық пен жамандықты айыруға келіп тірелетін секілді.  Людвиг Витгенштейн  «Егер өзін өзі өлтіруге рұқсат болса онда барлық нәрсеге рұқсат деген сөз. Ал барлық нәрсеге рұқсат етілмеген болса, онда  өзін өлтіруге де рұқсат жоқ!».

Қалай болғанда да жалпы адамзат ұрпағына тыйым салынған рухани бір талап бар ма екен? Атақты ойшыл Канттың осы мәселеге қатысты пікірін тыңдаңыз.  «Адам деген өз мақсатыңа қалай болса солай қолдана беретін бұйым зат емес. Оны бір мақсатқа жету жолында құрал ретінде пайдалануға болмайды. Адамның өзі жеке тұлға ретінде барлық уақытта да негізгі мақсат-мұрат болу керек. Мен де ешқашан билігім жүретін ешқандай да адам баласын қорлап, ұрып, соғып, мүгедек қылып не болмаса қинап өлтіруге қақым жоқ!». Өзге адамның өмірін қиюға рұқсат жоқ болса өз өмірімізді де қолдан тоқтатуға құқық берілмеген. Тіпті солай істеген дұрыс секілді көрініп тұрса да өзін өлтіруге ешқашан да рұқсат жоқ! Өзін өзі өлтіру ешқашанда азаттықтың белгісі болып санала алмайды. Себебі, бұл әрекет барысында азаттыққа жетуші адамның негізі яғни өзі жоғалады.

Өмір болған соң әр нәрсе бола береді. Кей кездері өзгені құтқару үшін өзіңді құрбандыққа шалатын кездер болады.  Бірақ бұдан өзін өлтіруге бола береді екен деген пікір қалыптаспауы керек. Тарихта талай оқиғалар кездескен. Тұтқынға түскен кейбір сарбаздар жолдастарын құтқару үшін өзін өзі өлтіріп тастайтын. Бірақ соның өзінде де бұл әрекетті ерлікке балай отырып, өзін өлтіруді ақтауға болмайды.

Үндістанда мұсылмандар мен үндістердің арасында қиян кескі соғыс басталғанда Махатма Ганди аштық ұстап өзін өзі өлтірмекке бел байлайды. Дін догмасына көздері байланған фанаттар ештемеге қарамастан бірін бірі аяусыз қырып жоя бастады. Гандидің бүкіл арманы көз алдында күйреуге бет алған соң амалсыз осындай қадамға барады. Нәтижесінде Гандидің өлімінен қорыққа бұқара халық ақыры ұрысты тоқтатады.

Егер адам өмірінің мәні мен мағынасы бар. Адам бұл өмірге келген соң ажалы толғанша қандай да бір міндеттерді атқарып кетуге міндетті деп есептейтін болсақ онда өзіне қол салғандар сол міндеттерін орындамаған болып шығады. Бұл жеңіліп, майдан даласын тастап қашқанмен тең масқара қорлықтың нағыз өзі.

Раймон Моудидің «Жизнь после жизни» кітабында мынадай қызық фактілерді келтіреді. Лекция кезінде менен өзін өзі өлтіретіндер туралы жиі сұрайды. Уақыт өте келе мені бұл мәселе қатты қызықтыра бастады. Мен өзін өлтірмекке әрекет еткен бірнеше адамның оқиғасын тіркеп, зерттеуге көштім. Куәлардың барлығы да бірауыздан өзіне өзі қол салып уақытша өлген кезінде сұмдық қорқынышты жиіркенішті сезімде болғандарын таласа айтып жатты.  Өзін өлтірудің ғасырлардан бері адамзат үшін проблема болып келе жатқанын білуші едім. Оның әр түрлі жағдайларда әр түрлі себептерден орын алатынын  түсінуге тырыстым. Осы проблеманы шешу үшін ғалымдар қанша тараптан тырысса да шешімін таба алмай тығырыққа тіреледі.

Мен мынаған көз жеткіздім. Өзін өлтірмекеке әрекеттеніп, бірақ әр түрлі себептермен тірі қалған кісілер ешқашан қайтадан өзіне қол салмауға біржола бекініпті.  Олардың көбісі өліп тірілген соң өмірдің мақсаты мен мағынасын ұқтық деп айтатын. Көп жағдайда тірі қалған бақытты жандар өздерін кінәлі сезінгендіктен басынан өткен жайттар туралы ешкімге ашылып айтпайды. Соның өзінде мен бірнеше пациентпен ашық сөйлесе алдым. Олар айтады; өзін өзі өлтіру басың душар болған проблеманы титтей де шешпейді. Олардың барлығы да бас кезінде өте қиын жағдайға тап болып өз проблемаларына маталып қалған. Сол сәтте оларға шығатын жалғыз жол өлім болып көрінген. Өзіне өзі қол салған соң да олардың шыбын жандары сол күйде өзгеріссіз тұра берген. Бір әйел былай деді. Мен өлердің алдында тар қапасқа қамалып, ауа жетпей бара жатқандай қиналып, бұл дүниеге симай әбден қиналды. Өлген соң да сол күй өзгерместен жанымды жегідей жеп тұра берді. Керек десеңіз жағдайым бұрынғыдан да нашарлады. Іштегі жаман күй қайталанып бітпестен тұра берді.

Мен тағы бір пациенттің сөзін келтірейін. Ол айтады: Мен енді ешқашан да өзіме қол жұмасамаймын. Енді қалайда тағдырымды адал еңбекпен аяқтап,  өз ажалыммен дүниеден өтуге  бел байладым. Өмірдің онсыз да қысқа екенін түсіндім. Бұл жерде тірі тұрғанда көп нәрсе бітіріп үлгеру керек. Өлген соң бір күй өзгеріссіз тұрып қалады да уақыт жоғалып мәңгілік орнайды.

Ең қызығы өліп тірілген бақытты жандардың айтқан сөздері ежелден айтылып келде жатқан діни көзқарастарға дәлме дәл келетінін көрмейсіз бе?! Себебі, діннің қай түрі болса да адамның өмірі өте бағалы деп үйретеді. Өмірдің  құны, мақсаты, салмағы, жауапгершілігі бар. Сондықтан бұл өмірді қор қылмастан оның әр бір минут секундына шейін тиімді пайдаланып, Жаратушы құдіреттің ризалығын табу. Құдайдың берген бұл сыйын жұлып алып, лақтырып тастауға хақың жоқ!  Деп үзілді-кесілді тыйым салған.  Ақылман Платонның «Федон» деген диалогында өмір туралы осындай пікір білдірген. Бұл дүниеге келген соң оны салауатты жолдармен көркем етіп сүру біздің негізгі міндетіміз. Бізді Құдай жаратқан. Құдай біздің қамымызды жеп жағдай жасайды. Ендеше, қамқор құдаймен ерегісіп, оның өмірін ысырып тастауға болмайды дейді  грек ойшылы. Орта ғасырдың атақты ойшылы Фома Аквинскидің өзі сол кезде осы ойды дәлелдеген. Ол айтады: Өмір Құдайдың берген сыйлығы. Оны қашан, қайтіп алады оны Құдай өзі ғана шешеді. Оның орнына бұл проблеманы біз өз бетімізше шешуге рұқсат жоқ!

Одан кейін ХІҮ ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Жон Лок та осы ойды бекіткен. Ол айтады: біз Құдайдың жаратқандарымыз. Біз бұл дүниеде белгілі бір мақсат, мұраттарға жету үшін сынақтан өтіп, емтихан тапсырып жүрген жандармыз. Сондықтан бізге бұл пәнидегі жұмыстарымыз бен міндеттерімізді өз қалауымызбен тастап, қашып кетуге право берілмеген.

Енді ғұлама Кантты тыңдаңыз. Егер біз өзін өзі өлтіру проблемасына дін тарапынан қарайтын болсақ барлық нәрсе анық көрінеді. Біз бұл өмірге белгілі себептермен және нақты бір мақсатпен келгенбіз. Өзімізге қол жұмсау арқылы біз өзімізді Жаратушыға қарама қарсы қойып қарабет боламыз. Өзін өлтіруші  адам ана дүниеге күзет орнын тастап қашқан дезертир сияқты. Ол Құдайға қарсы шыққан бүлікшінің нағыз өзі. Біз Құдайдың меншігіміз. Оның құдірет күші біздің пайдамыз. Бұл жерде мен дейді Моуди өзім дінге сенетін болғандықтан не болмаса оларды моралдық сотқа беруді мақсат тұтып отырғам жоқ. Мен көпшіліктің назарын ежелгі дін ғұламалары мен қазіргі тірі қалған пациенттерімнің көзқарастарының бір біріне сәйкес келгендігіне аударғым келеді.

Бір лекциясында Моудиге бір кісі «Өміріңізде өзін өлтіріп бірақ тірі қалған кісілермен сөйлесіп көрдіңіз бе?» деп сұрады.   

Маған кездескен келіншектің сөзін келтірейін. «Егер бұл дүниеде шыбын жаныңыз үзім-жұлым боп, шашылып кетсе ана жаққа барған соң да сол қалпында қала береді». Бір сөзбен айтқанда олар басқа түскен нәубеттен қашып өздерін өлтірген. Бірақ басқа түскен бақытсыз сезім сол қалпында ана жақта да сақталып тұра берді. Жаңа үйленген жас жігіттің сұлу келіншегі қаза болады. Жан жарының қайғысына шыдамаған жас жігіт оған ана жақта қосылу үшін өзін өлтіреді. Туыстары оның қансырап жатқан денесін тауып алып, тез арада  ауруханаға жеткізеді. Тірі қалған жігіттің есін жиған соңғы айтқан әңгімесі: Менің жаным тәннен шыққан соң келіншегім кеткен жаққа бара алмады. Мені өте қорқыншыты жаман жерге апарып қамады. Мен өзімнің қандай қателік жасағанымды сол кезде бір-ақ түсіндім. «Мен мұны істмеуім керек еді» деп қайғырып жа                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     тым».  Менің  өз ажалымен өле жаздаған бір пациентім мынадай қызық пікір айтты. Мен уақытша өліп, ана жаққа барып қайтқанда Құдай маған екі нәрсені түсіндірді. Біріншісі өзіңді өлтірудің ұлы қателік екендігін екіншісі бөтен адамды өлтірудің қылмыс екенін. Өзіңді өлтіру Құдайдың сыйлығын бетіне лақтырғандай әрекет. Біреуді өлтіру Оның ісіне қол сұққанмен тең.

Моудидің тағы бір кітабынан және бір үзінді тыңдаңыз. Оған өзіне қол салған бір жас жігіт жолығады. Ол жігіттің ештемеге ебі жоқ мал табуға қыры жоқ ынжық болатын. Жүрген ортасында өте қадірсіз болып кеткен соң ол өмірмен қоштасуға бел байлайды. Сосын ол бейшара наркоотиктің өте көп көлемін бірден қабылдап есінен танады. Есінен танған соң ол екі түрлі хәлді бастан кешкен. Бірінші кезең-физикалық қиналыс, үрей мен қорқыныш. Достарының дәл қасында отырып оның жүрегі тоқтап, бет-әлпеті көгеріп сала береді. Қасындағы құрдастар дереу жедел жәрдем шақырып пақырды ауруханаға аттандырады. Реанимацияда ол есін жиып, қайта тірілді. Аман қалған соң ол айтады: бұрынғы бұрынғы ма нағыз сұмдық пен қорқыныш өлген соң бастады.  Ана жақта түрі жаман әр түрлі мақұлықтар ортаға  алып, жанымды жұлмалап тастады.  Бұл маған Дантенің шығармаларындағы тозақтың сипаты болып көрінді.  Төсектен тұрып үйіне оралған соң ол жігіт жаңадан өмір бастады. Көзіне нұр жанып, алдына рухани  мақсат қойып, қиындыққа мойымастан жігерлі тіршілік етуге бел байлағаны көрініп тұр. Бұл да әлі бергі жағы. Мен оның ана жақта тозақтың азабын көргені туралы қорқынышты әңгімесін магнитафонға түгел жазып алғам. Ең таңқаларлығы үйге келген соң мен таспаны тыңдай алмадым. Оның тозақ туралы әңгімесі түгелдей өшіп қалған. Бұған дейін бір де бір рет сыр бермеген магнитафон дәл сол әңгіме басталғанда істен шыққан. Бірақ одан кейін де ол магнитафон еш мінсіз маған қызмет етіп тұрды.  Бұл фактілердің барлығымен терең танысқысы келген адам Раймонд Моудидің «Свет вдали» атты кітабын түгел оқып шықса құба құп болады.

Соз соңында мынадай  қорытындыға келуге болады. Атақты психотерапевт Виктор Франкл бұл мәселені түбегейлі шешу үшін кез келген адамға оның өмірінің мәні мен тағдырының өте бағалы екендігін ұқтыру арқылы шешуге болады дейді. В. Франкл өзіне өзі қол салып тірі қалған адамдарды емдеумен айналысқан. Ол әр бір ауру пациентін ауруханадан шығарар кезде оларға мынадай сұрақ қоятын. «Сіз енді өзіңізге қол салмайсыз ба? Өлмейтін болсаңыз не үшін өмір сүретініңізді айтып береңізші» деп өтінетін. Егер пациенттер расында өмірдің бағылы екендігін жан дүниесімен тебірене отырып айтып, оның құндылықтары туралы тереңірек толғайтын болса Франкл оны  «жазылды!» деп босататын. Ал егер олар ойдан өтіріктер құрастырып, өмірдің шындығына жанаспайтын көр-жерді құрап мәнсіз әңгімелер айта бастаса «Тағы да жата тұрыңыз» деп емдеу мерзімін соза беретін. Сондықтан да суицид проблемасын түбегейлі шешу үшін мәселені міндетті түрде «Адам өмірінің түпкі мәні неде? Адам не үшін туылады? Өмір сүруге құлшынысты тоқтаусыз оятып тұратын қуаныштың сарқылмас қайнар көзі не нәрсе?» деген аса маңызды рухани сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Сонда ғана рухани оянысқа түскен пенде өмірінің әр бір минут, сағатын аса сақтықпен пайдаланып, барынша мәнді өмір сүруге ұмтылады.

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 23 ақпан 2013, 23:21
Тегтер: Суицид тезис

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.