Антты аттап... Неке бұздың....

Антты аттап... Неке бұздың....
жеке
блог

       Гүлзираның бүгін күні бойы тынысы тарылтып, еңсесін езген мұнан айыға алмай қойғаны. Оған жалғыз ғана себепкер жан Дәурен. Гүлзираның құдай қосқан қосағы... Жоқ, енді ол өзгенің жары. Екеуіне ортақ шаңырақ шайқалып, қос ғашық жылынған жалын оттың тек күлі қалды. Бақыт орнына үзілген үмітпен, жанарын жасқа толтырған мұң ғана қалды.

        Жұмысынан үйіне қарай асыға келе жатқан Гүлзираның қалта телефоны безілдей жөнелгені. Алматының аязына тонған нәзік саусақтары мен телефонның тұтқасын көтерді. Қызық, жүрегіде атша тулағаны. Ия, бар қайғысының себепкері болсада Гүлзираның өмірінде Дәуреннің орыны ерекше.

-         Армысың Гүлзира.

-         Жақсы. Ия, айта бер.

-         Ертең қолың бос болса кездесейік. Сенің «махр» тартуыңды әперейін.

-         Жоқ қажет емес. Сен мені талақ етпес бұрын мен сеннен бөлек кеткем...

-         Гүлзира ант аллах аты. Ертең кездесейік. Отырып сөйлесейік...

-         ....

-         Жарайды жақсы Гүлзира... гук-гук...

   Ант дейді-ау... Бақытты етем деп, өмірдің бел ортасында жат жаннан жылу іздеп кете барғаны. Бар кінәсі шүбәсіз сенгеніме, ессіз сүйгеніме? Өзге бір бұрымдының құшағынан шаттық тауып, шатасқан сәтінде де Гүлзира Дәуренді түсінуге, кешіруге тырысты. Қолынан келгенін жасап бақты. Бірақ, тым кеш еді. Бойжеткеннің бойына бала бітіпті. Дәурен екеуі шаңырақ көтерген 4-жыл ішінде арман еткен сәби. Мұның сүйген жарынан перзенті, мұның емес жат жанның жатырына біткені.

     Мейірімсіз Алматы түнінен мейірім іздеп түн баласы өз шаңырағын тастап кете барды... Енді міне араға 6-ай салып қоңырау соғып тұрғаны...

      Дәуренмен, өткен өмірімен кездесуге не барарын, не бармасын білмейді... Тұманды ойдың топшысын ағытып, терезеге қарап отқанына жарым сағаттан асты...