"Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасы: "Қазақ халқының қолөнері қалай дамып жатыр?!"

"Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасы: "Қазақ халқының қолөнері қалай дамып жатыр?!"
жеке
блог

"Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасының бүгінгі саны қазақтың қолөнеріне арналады. Атадан балаға мирас болып, аманат етілетін бұл өнердің қыр-сыры кеңінен зерттелгенменен қалың қауым назарына бұл өнер көп ұсыныла бермейді. Бағдарлама жүргізушісі Қазына Әбдіғапбар осы өнердің бүгінгі жай-күйіне терең үңіліп, әшекей бұйымдардың қалай жасалатынын өз көзімен көріп қайтты.


Қазақтың қолөнерінің бүгінгі жай-күйі қандай?

Көздің жауын алатын оқа-әшекейлер қалай жасалады?

Әлем жұлдызы әйгілі Патрисия Каасқа қазақтың әшекей бұйымдарын сыйға тартқан зергер кім?

Гобелен қалай тоқылады?

Гобелен арқылы Қазақстанның атын шығару мүмкін бе?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, бүгін СТВ арнасынан сағат 19:30-да болатын "Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасын жіберіп алмаңыздар. Бағдарламаның басты кейіпкері белгілі қолөнершілер өз бұйымдарының қалай жасалатынын көрсетіп, өз өнімдерін қалай насихаттап жүргендеріне толығырақ тоқталады.

Жүргізуші: Қазына Әбдіғапбар

Операторлар: Сергей Ковтун, Алексей Синий

Режиссер: Еділ Шыңғыс

Продюсер: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: yvi.kz