Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Омыртқаның обалы.

Омыртқаның обалы.

Омыртқаның обалы.

Неге екенін қайдам, үлкен сөмкелерді жаным сүйеді. Қыс болсын, жаз болсын сөмке таңдағанда неғұрлым көлемдірегі көзіме  ілінеді. Әбден дағдыланып алғанмын. Содан болар, шағын сөмке ұстасам, бір жерге ұмытып кететіндей  боламын да тұрамын. Мазам кетеді. Әрі ол «бар болғырдың» ішіне  ұялы телефоннан өзге ештеңе де сыймайды емес пе? Тек телефонға бола сөмке ұстау деген… Меніңше, дұрыс емес!

Ал, менің сөмкелерім рахат! Ішінде адамның басынан басқаның бәрі бар. Телефон, кілт, опа-далап, әтір өз алдына,  құрбымның біздің үйде ұмытып қалдырып кеткен құжаттары да жүр. Біз көшеде кездесіп қалуымыз әбден мүмкін ғой. Одан қалды оқып бітірмеген журналдарымды да салып алыппын. Алда-жалда бір жерде кезек күтіп қалған жағдайда керек емес пе? 1 бөтелке газдалмаған «Тассай». Күн сұмдық ыстық қой...

Не басыңызды қатырайын? Қойма! Кәдімгі кішігірім қойма! Бейшара, омыртқам-ай-деп ойладым  мен. Обал-ай! «Бұл жаман әдеттен арылу керек!» Әдетімнің  қаншалықты «жаман» екеніне көз жеткізу үшін  кеше қол сөмкемді өлшеп көргем. Тұп тура 3,5 келі. Тас тасып жүргендеймін. Бірақ, ішінде артық ештеңе де жоқ сияқты...

1754 13
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 28 қаңтар 2012, 11:27
Пікірлер
+0
28 қаңтар 2012, 12:52

Хихихи! Маған да дәәәу сөмкелер ұнайды. Ішіне кітаптардан бастап бәле-батырдың бәрін толтырып алатын едім. Көтерген адам "тас салып алғансың ба?!" деп күлуші еді. Үлкен сөмке жақсы ғой, жақсы!))

+0
29 қаңтар 2012, 00:01

ауыр болса ауыр болсын! үлкен сөмкеге ештеңе жетпейд)

+0
28 қаңтар 2012, 13:26

Шынымен де байғұс омыртқаңызды айтсаңызшы! 3,5 келі деген ужас қой) йогаға барыңыз, көмектеседі

+0
29 қаңтар 2012, 00:04

3,5 келі ужЫсссс емес, "цветочки")))))))

+0
28 қаңтар 2012, 23:52

кезінде папам менің үлкен сумкаларымды коріп мынауың кәдімгі ат дорба ғой деп күлетін еді ))) студент кезде улкен сумкалар устайтынмын, кейінгі кезде сәлде болса кішііректеріне ауыстым
негізі қаншалықты үлкен сумка ұстасаң, оны соншалықты толтырып алу ықтималдылығы жоғары екен )))

+0
29 қаңтар 2012, 00:04

келісемін сізбенен)))

+0
29 қаңтар 2012, 00:50

:)))) Мен де үлкен сөмкені ұанатамын. Былтыр, құрсынш кішірегін алайын деп, тыыым кішкентайын алып қойып, ішіне дым сыймай қойған. Содан кейін, қайтадан үлкенін алдым))) Бірақ сіз сияқты толтырмайды екенмін. Астанаға барғанымда ғана толтырғанмын)))

+0
29 қаңтар 2012, 19:19

Үлкен сөмкелерді мен де ұнатамын. Сабақтың күнделікті 6 кітабымен қоса (тарих, география кітаптарын тастап кетемін кейде), қалың дәптерлерді айтсай)))) Оның үстіне анау- мынау заттар бар))) Кішкентай сөмкелерге ештеңені сыйдыра алмаймын ғой)))

+0
30 қаңтар 2012, 10:10

Ноутбуктың сумкасымен жүргенде менде примерно 8 кг болады :))).

+0
30 қаңтар 2012, 10:18

2 АК-47 автоматтың салмағын алып жүреді екенсің :) гранаталармен қоса

+0
30 қаңтар 2012, 10:23

айтпа :)))

+0
30 қаңтар 2012, 10:26

құрбыңыздың құжаттарын сөмкеңіздің ішінде жоғалтып алмауыңызды тілеймін

+0
30 қаңтар 2012, 12:48

Студент кезімде менің сөмкемде канцтоварлардың барлық түрі болатын десем қаталеспеймін. Түрлі-түсті қалам, 2-3 қарындаш, өшіргіш, қайшы, тіпті лезвиеге (Өшіргішпен кетпейтін жазуларды өшіруге ғой) дейін салып жүретінмін. Соныды біліп алған студенттер үнемі менен сұрайтын. Ал қазір канц тауарлардың орнын қалың әмиян, косметика, қаптаған визиткалар т.б. толтырды))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев