жеке
блог

Махаббат - ол өмір

Біздің арнаға күнде бір қонақ келеді. Әр жастағы, әр салада қызмет атқаратын азаматтар. Үлкен-кішіміз барлығымыз тік тұрып, ілтипат көрсетіп, күтіп аламыз. Кеше қонақ болып сексен үш жастағы қарт келді. Өзі ашық, тік мінезді жан екен. Сексенінде секіріп жүр. Жөн сұраса келіп, атам әңгімесін бастады. Бар айтқаны - отбасын құру жайлы.

"Қазір кеш үйленеді, сосын ажырасады", - деп бастады өз сөзін атам. "Ол дұрыс емес, сондықтан да ерте отбасын құру керек. Түсінесіңдер ме?! Ерте. Тіпті, он сегіздің өзі кеш. Ұл да, қыз да 18-ге дейін 15,16,17-де үйленуі тиіс. Ертең үйленсе, махаббатты сақтайды. Сыйластық мықты болады. Ажыраспайды" - дейді. 83 жастағы атамның үлкен ұлы қазір 62-де екен. "Бұл бала менің заңды некеден туған балам. Ал оның алдындағылар қазір 65-70 шығар" деп күлді.

"Махаббатты талдай білу керек. Бозбала мен бойжеткен арасындағы махаббат бір бөлек. Қыз бен жігіт болғандағы махаббат бір басқа. Әйел мен еркек арасындаңы, төсектегі махаббат бір басқа. Осының барлығын біліп, талдау жасау керек. Ал оны кім талдай алады?! Тек ерте үйленгендер ғана" деп жалғастырды. "Махаббат - ол өмір. Ол - шырақ. Шырақ деген жарық. Жарықсыз өмір жоқ. Мұның бар тірегі - махаббат. Ал шынайы махаббат тек ерте үйленгендерде болады" деп өз ойын аяқтады. Сосын ол кісімен қоштасып, шығарып салдық.

Атайдың айтқанын барлығымыз отырып, талдадық. Біріміз келіссек, біріміз ол кісінің ойын құптамадық. Сосын мен Нұрлан ағаның шақыруымен эстрада-цирк колледжіне жұмыспен кетіп қалдым. Студенттер ән айтып, би билеп жатты. Өрімдей ғана қыз-жігіттер жақсы кеш ұйымдастырған. Сол студенттер 16-17 жаста. Жаңағы атаның айтқанын есіме түсірдім. Қызды қойшы, қазір 17 жастағы жігіт отбасын құруды ойланып жүр деп айта алмаймын. 17 жасар жігіт түгілі 30-40-қа келген ер азаматтар жанұя түгілі өздерін әрең бағып жүр. Заман өзгерген шығар. Әйтпесе, сол атамның жас кезінде өмір сүрсем, бәлкім, мен де атаның сөзін құптар ма едім.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі