Ал...құтты болсын!!!

Ал...құтты болсын!!!
жеке
блог

Мен туып-өскен тәуелсіз елдің, менің елімнің мерейлі мерекесі құтты болсын!!! Ата-бабамыз аңсаған алтын арайлы таңды қарсы алатын біз - бақытты ұрпақпыз!!! Тәуелсіздіктің "біздікі" болуына тікелей ықпалы бар, аға-апаларымыздың намысы қайралған Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы (ұмытуға болмас) құтты болсын!!! Тәуелсіздігіміздің туылған күніне тарту болған жаңа ортамыз - Массагет.кз кұтты болсын!!!

Астананың аспанында қуаныштың әуені қалықтауда... Мына қыстың аязына да қарамастан, мейрамды тойлап жүрген адамдар көп... Әсіресе, қалаға келген қонақтар мәз-майрам... Астананың көшелерін қыстың аязы емес, бақытты халықтың күлкісі басып тұр... Сен аңсаған азат күн бұл, бабалар!