Аягөз онлайн радиосы

Аягөз онлайн радиосы
жеке
блог

Бірде фейсбук әлеуметтік желі де отырып, Мәншүк Ахметованың Арнат фм деген онлайн радиоға сілтемесін байқап қалдым, кіріп жақсы әуендер тыңдай бастадым, ертеңінде тағы келдім, келіп қана қоймай өз достарымды да ертіп келіп жүрдім. Арнат бауырыммен сұқбат жасап, оның радиосын дамытуға өз үлесімді қосқым келді, қолдап. Жоспарлар құрып, бағдарламалар жасап. Күнделікті Арнаттың радио қосқанын асығып күтіп жүрдім, бір күні Ербол Исламбек ағам «Жанат саған арнат фм.дікі секілді радио жасап берейін бе» деп жазып отыр, жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан дегендей, Ерекенің бұл ұсынысы ұнап, бір сағат ішінде Аягөз онлайн радиосы деген радио солай пайда болды. Аягөз аталу себебі, өзімнің туған қала деген құрметімнің белгісі. Біраз күн жүргізуші іздеп жүріп, осыдан 4күн бұрын ресми ашылуы жасадық. Жүргізуші Сағыныш деген бауырым, бағдарламаны өзім жасап беріп отырамын. Сағыныш Батыста, мен Шығыста, тыңдармандарымыз орта, радиомызды ақырындап жүргізіп келеміз,бірінші күні ашылуға арнадық, екінші күнді «махаббат» тақырыбы, үшінші күні «интернет,қазақ интернеті», кешегі күні «интернет арқылы достасқан достар, бірін бірі үнатқан ғашықтар» деген тақырыпта пікірлер тыңдалып, тыңдармандар өздерінің ойларын айтты.

Радио ашудағы мақсат «Блог әлемінде жүрген блогерлерді, қазақ интернетін дамытып жүрген мамандарды кеңірек насихаттап, қазақ әндерімен сусындату». Әлі толық жетіліп дами қоймадық, алда талай жоспарлар бар. Ойындар, викториналық сұрақтар ойнатылып, тыңдармардың сұраған әндерін жолдап отырамыз.

Радиода құтықтау, сәлем жолдауға ,сондай ақындар өз әндеріңізді, жас әншілер әндеріңізді (mp3нұсқада) беруге болады.

Радиомызға лого жасап берген Данияр Алан бауырыма рахмет айтамын.

Радиомыздың бүгінгі тақырыбы «Қызғаныш». Әр түрлі жандардың өзінің өмірінде қызғаныштың алған ролі жайында, қызықты оқиғаларын, блогерлердің пікірлерін, бір қатар блогерлердің әндерін тыңдайтын боласыздар. Эфир бүгін массагеттіктердің құрметі үшін сағат 17.00де бір сағатқа онлайн болады. Ал негізге кестесі  кешкі 22.00ден  00.00ге дейін(Астана уақытымен). радио мекен жайы:http://volnorez.com/ayagoz