Адам сұлу болмайды көркіменен!

Адам сұлу болмайды көркіменен!
жеке
блог

Ассаламуъалейкум уа рахматуллахи уа баракатуху!

Тіршілікті жалғайтын

Алладан тек қорқыңыз.

Айырбастап алмайтын,

Көркем мінез көркіміз.


Бар сұлулық жүзіңде емес, жүректе,

Ақ жүрекпен жетесің сен тілекке.

Түсінбесең осы сөзді қазағым,

Шегесің ғой тозақтың зор азабын.

 

Жетер енді жүргеніміз бекерге!

Имандарың о дүниеге жетер ме?

Ақиретте арашаға кім келер,

Намаз оқып үлгеріңдер пенделер!

 

Имандылар іздейді ғой ілімді,

Ааласың тек Құраннан бар білімді.

Ісің бар ма елге өнеге еске алар,

Есіңді жина ертең бәрі кеш болар...

 

Аптада бір Жұма намаз болады,

Жалпы мешіи жамағатқа толады.

Білсең егер жұма намаз сауабын,

Мүгедек те домаланып барады...

 

Болып жүрме азанда Иман, түсте Иван,

Аузыңнан түспесін бір "Бисмилляң".

Бес намазға дәйім уақыт табыңдар,

Алла берген шапағатты алыңдар!