жеке
блог

Индонезия үстінен 130 мың тонналық астероид ұшып өтті

Көлемі жүзу бассейніне пара-пар аспан денесі Жерден 28 мың шақырым қашықтықта Индонезия үстінен ұшып өтті. Бұл мұндай үлкен астероидтың Жер бетіне тым тақау аралықта алғаш рет өтуі, деп хабарлады NASA. DA14 астероиды өткен жылдың ақпан айында анықталған болатын. Оның болжамды салмағы130 мың тоннаны құрайды. NASA ғалымдарының бұған дейін мәлім еткеніндей, астероид ғаламшарменсоқтығысқан жағдайда ол бір қаланы жер жетінен жойып жіберер еді. Мамандардың есептеуінше, мұндай соқтығысу қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 1000 есеге артық болмақ. Дегенмен де, бастапқы кезеңде-ақ ғарыш агенттігінің мамандары ғаламшар мен аспан денесінің соқтығысуы мүмкін еместігін жариялаған-ды. NASA бұған дейін 2012 DA14 астероиды мен Челябі облысы аумағына құлаған метеориттің арасында еш байланыс жоқтығын мәлімдеді. Олардың мәліметтеріне қарағанда, екі аспан денесінің траекториясының бір-бірінен айырмашылығы бар. Бұл екі нысанның бір-біріне мүлдем қатысы жоқ деген қорытынды шығаруға түрткі бола алады. «Ресейлік метеорит солтүстіктен оңтүстікке қарай құлады. DA14 астероидтің траекториясы - қарсы бағытта, оңтүстіктен солтүстікке қарай», - делінген агенттік ақпаратында. Дереккөз: baq.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі