жеке
блог

Балалығым ұстап отырғаны...

 

Мазақтамалар… Бала күнгі мазақтамалар естеріңізде ме? Екі-үш ауыз тақпақтың анау айтқандай көркемдік құндылығы болмаса да, өз арамызда тез таралатын. Жылдам жатталатын. Ауыздан ауызға тарап, мектепте, көшеде, бала  жүрген жердің бәрінде   айтылатын.

«Еске түссе көбелек қуған кезім, еркелегім біргеуге кеп кетеді...» Бүгін де сол... Сөге жамандамассыздар)

 

«А» класы арыстан,

Апайымен жарысқан.

«Б» класы батыр,

Мына бізден қорқып,

Үйлерінде  жатыр.

 

Асланбек жынды,

Есекке мінді.

Есек ақырды,

Асланбек  бақырды.

 

Ана үйде бір қыз бар,

Маңдайында жұлдыз бар.

Алайын десем, ақшам жоқ.

Салайын десем, қалтам жоқ.

Қалтам толған шемішкі.

Иди сюда, дебішкі.

 

 Руың сенің-қабақ,

Іздегенің тамақ.

 

 Бәленбаев Марат,

Марат кетіп барад.

Қазір күшік көрсе,

Марат талып қалад.

 

Роза, Роза барабан,

Шашын майлап тараған.

 

Амангелді батыр,

Шауып келе жатыр.

Өкпесіне оқ тиіп

Больницада жатыр.

 

Түйе, түйе, түйе еді,

Түйе мойнын иеді.

Айгүл берген орамал,

Бетіме жылы тиеді.

 

Бұлттар көшіп барады,

Айна маған қарады.

Өліп қалсам мен егер

Айна кімге қалады?

 

Айжігіт, Айжігіт,

Айжігітің қай жігіт?

Қарындасқа бай жігіт.

 

Қуандық пен Қандық,

Сатып алып сандық.

Сонысына қуанып,

Ат қойыпты Қуандық

 

Өз   "репертуарыңызбен"  бөлісуге де болад)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда