Менің фытыфаратымның суреттері=)

Менің фытыфаратымның суреттері=)
жеке
блог

Еххх, менің жазба жазбағаныма біраз бопты...Бірақ, күніне бір рет болса да кіріп кетем ғой))) Бірінші семестрім ештеңе емес екен, мына семестр сабақ басталмай жатып шаршаааап кеттім. (ЗКТ, стэндап, монтаж, камера, студия деген сөздер жынымааааа тиед)

Ал, кішкене демалысымда мен түсірген суреттерді көрсетіп жіверейн:)

Қай сабақ екені есімде емес, бірақ қааатты еріккенім есімде)

і

Мынау қала шетінде, кешке қарай, жазда:

й

Ахаха, мына суретті ҚазҰУ-ға барғанда түсіріп едім. Спорттық олимпиада өтіп, құрбым соған қатысқан, "кел де кел" деп қоймады. Содан бір мұрты бар ағай шықты шіреніп. "Мынау кім?" десем, "Білмейм, ректор шығар" дейд, мен: "Қой, ректорларың крутой ма не, тіпті қасында екі атқосшысы" бар десем, "и білмим, танымайм" деді. Сөөөөөйтсеем, шынымен Мұтанов деген мырза екен. Оқығандарына бір семестр болса да, ректорларын танымағанына күліп едім, "Оны көру қиын, танымаймыз" дееейд:) Өзімше боп мақтанып қалдым, біздің ректор өзі кеп амандасад бізге деп:)))

казну

Бұл менің жаңа жылдық сыйлығым! Жеребемен бір-бірімізге сыйлық бердік. Жазылып тұрған өлең:

"Көңіліңнің жайдарлығын білемін,

Тек бір Алла болсын әркез тірегің.

Құтты болсын жаңа жылың, Ақжелең!

Орындалсын қалаған бар тілегің" :))))

сыйлық

Жаңа жылдағы асханаааа! Бізде ресми тіл қадірлі! >_<

dsq

Менің бейшара телефоным:)

сотка

Асханадағы құмыра!

авмкв

Ал мынаусын сындырывалдым:)

ф

Сол құмыраның қасында тұрған тұз бен бұрышты көріңіздер ма? Воот, олар жаай тұр. Жай тұрмай маған қызмет істесін деп мен пайдаландым, соның нәтижесі міне (картинаның аты: Ащы сезім хД):

ву

Менің группаласым, старостамыз - Марат))) Ол мені, мен оны түсірдім:)

фц

Ең соңғы сурет. Журналистке ең қажетті заттар) Блокнот, қалам, микрофон, камера, петличка:

аки

Осымен болды, пікірлеңіздер:)