ЖОҒАЛТУ

ЖОҒАЛТУ
жеке
блог

 

Шерге айналып кеттің бе, жүрегімде жатқан мұң ?!
Сатқындығын кешпеймін сені ап кеткен Ақпанның!
Өкінішіме ортақ боп, өксігімді тарқатшы - 
Бауырын бұлттың қызартып, мағынасыз батқан күн !
Сен барда бұл қаланың қадіріне жетпедім,
Айтшы не деп ақталам, ойламайды деп пе едің?!
Біз асыға күтетін аңсарларға алданыш
Сен қайда деп сұраса, не дер екем, Көктемім?!
Албырт ұлын Алатау алып қалды дейімін бе?!
Мұңы сіңген көзіңді жан ұқпады деймін бе?!
Аққуы жоқ айдыннан жалыққаны деймін бе?!
Ой жегесін кеудесін тарыққаны деймін бе?!
Қазығы ғой, айналып, барып қалды деймін бе?!
Әлде өлеңнің ішінде қалып қалды деймін бе?!
Не десем де мезгілдің мерейі үстем болып тұр,
Тағдырыңа адасқақ нығметіңмен соны ұқтыр.
Таңдайдағы өлеңін маңдайдағы бағы қып,
Тәңір сенен сұрарым - Сабырымен жолықтыр!