жеке
блог

Бір рет қана...

Кейде бір қайдағы жоқты ойлап кетем. Не деп дейсіз ғой? Бір рет қана басқа заманда, басқа уақытта болғым келеді. Не басқа ортада. Мысалы...
  • Бүрмелі көйлек киіп, қос өрімді шашыма тағылған шашбауымды сыңғырлатып, киіз үйден шығып келе жатсам... Құрбыларыммен қызғалдақ теруге қырға шығып, ақ қайыңдар арасында адасып қалсам... 

Алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнасам... Бір рет болса да бағзының қызы болып көргім келеді)

  • Уақытты артқа жылжытып жіберіп мына Алматының бұрынғы кейпін көрсем...  

Білмеймін, неге екенін. Бірақ сол кездегі Алматының қазіргіге қарағанда сүйкімі бар сияқты. "Тақиялы періштедегі" Алма-атада жүргім келеді.

  • Бір сәт сәби болып көрейінші...

Маманың түн ұйқысын ұрламай ұйықтааап жатар ем. Сәби шақта кейін ұйқыңның қанбай жүретіндігін білмейді екенсің ғой) Анамның ақ сүтінің дәмін сезгім келеді. Бесікте тербеліп жатсам...

  • Дина мен Құрманғазының күйін тыңдап отырсам...

  • Б. Момышұлының келіні болсам...

  • Жібек болсам, Бекежанды таңдар едім. Сонда Төлеген өлмес еді ғой...

  • Сығандардың шулы тобырына тап болып, әндерін өз ауыздарынан естіп отырсам... Бір рет қана!

  • Спектакль көріп отырып, кенет өзім сахнаға шығып кетіп, рөлге кіріп ойнай жөнелсем... Ешкім қой демесе ғой. Халықтың шынайы шапалағы образымнан шығарса сол сәтте)

Орындалмас! Мейлі, түсімнен күтем)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі