Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Сурет - көзбен көретін поэзия"

"Сурет - көзбен көретін поэзия"

Неге екенін білмеймін, кеше түнімен ұйықтай алмадым. Ұйқым вешірге қыдырып кеткен-ау) Таңғы бестерде ғана көзім ілініпті. Алты сағат ояу жатсаң, ойламайтын нәрсең қалмайды екен)) Сол ойларымның ішінде бүгінгі жазбам бар еді. Таяқша кімде екен и деп ары ойландым, бері ойландым. И қойшы күтпей-ақ жаза салайыншы дедім де, компты қосып бастап кеттім)

Жалпы менің суретке түсіруге деген махаббатым ес білгеннен оянды. Сенсеңіз, мен де телефоннан бұрын фотоаппарат болған. Кіп-кішкентай. Папам Жаңа Жыл қарсаңында алып келген болатын. Не болса соны түсіріп бастағанмын. Кейін Массагеттің Кенон фотоаппаратымен танысқаннан кейін одан сайын шыңдала түстім. Оны Қыс суреттерінен, Күз суреттерінен, Студенттің бір күнінен және т.б репортаждарымнан байқаған боларсыздар))) Архивімде сурет өте көп. Қайсыларын салсам болады деп көөп ойландым да, маған үш жылдан бері ана да, пана да болып келе жатқан ҚазҰУ-ымның суреттерін жариялап көрейін деп шештім. Менің ең қиын әрі ең қуанышты күндерімнің барлығы да Алатаудың құшағында жатқан КазГУград кампусында өтіп келеді.

Біздің басты корпусымыз)

Бұл сұлу қалашықтың тұрғындары - студенттер!

Студенттер сарайының алдында

Жыл сайын өткізілетін Ақсүйек ойыны барысында түсіргем))

Бір күні сабақтан шықсам, мына бір сүйкімді бала алдымнан шығып қалды, әбден суретке түсірдім)) балапандарды жақсы көрем))

ҚазҰУ-ды қарғалар да жақсы көреді))

Қалашықтың спортшы студенттері)

Үзіліс кезінде)

Ақсүйекті іздеп жүргедер)

Танысып қойыңыз, бұл - менің екінші үйім. Он жетінші студенттер үйі) Ал анау артында отырған Алшын Матай мен Ардақ Құлтай(кездейсоқ сурет)

Менің бөлмемнің терезесінен осындай керемет табиғатты көре аласыз)

Мына орындықтарда мыңдаған студенттердің сыры қалған... Менің де(((

Есентай жағалауындағы Махаббат көпірі

Ғашығыңызбен көпірге келіп "махаббат белгісін" қалдыруыңызға әбден болады) Жағалау ешкімді жатырқамайды! Кәусардың мұңы шағылатын мекен осы((

Қалашық жаңбырлы күндері өте сұлу болып кетеді)

Жақын достарымның бірі - Смадиярдың Бекзаты) Мұңаяды жалғыздық құшқан ақын

Байқұс қалам қазір мынадай күйде... Ол да көктемді асыға күтіп жүр))

   

Жәнеееем, құшағыма сыймайсың ғой, әйтпесе құшақтап-құшақтап, бетіңнен сүйіп алар едім( айтпақшы, беті қайда екен??))

Басқа не айта беремін??!! Одан да біздің қалашыққа қонаққа келіңіз!!)))

32
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 14 ақпан 2013, 11:30
Тегтер: Айгерім Сматуллаева, ҚазҰУ, ҚазҰУ суреттері, суреттер

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.